Қазақ блогосферасының статистикасы



Қазақ блогосферасы қаншалық дамуда? Соңғы жылдары қазақша ресурстардың көбейіп, бұл саланың дамып жатқанын білеміз. Бірақ сан жүзіндегі статистика қандай болады екен? Мен осы сұрақтарды қарастыру үшін, көп ойланбай еліміздегі ең танымал деген блог жазылатын сайттардан мәліметтер жинауды шештім. Олар: kerekinfo.kz, aitaber.kz, massaget.kz, blogtime.kz.

Әр сайттан мақалалар туралы мәліметтер алынды. Мақала туралы негізгі алынған мәліметтер: қаралымдар саны, таңдаулыға алынған саны, авторы туралы мәлімет, жазылған уақыты, пікірлер саны. Сонымен қатар, әрбір мақалаға жазылған пікірлер жайлы да мәліметтер алынды. Мен барлық актуалды мәліметтерді қамтыдым деп айта алмаймын, өйткені, ондай мәліметті деректер қорына тікелей байланыс кезінде ғана алуға болады.

Маған жеңіл түскені төрт сайт та LiveStreet CMS-ін пайдаланатын болып шықты. Сонда да massaget.kz сайтының қалған сайттардан өзгешелігі бар екен. Сондықтан ол сайттан, мақаланың таңдалымдар саны мен пікірлер үшін жоғары және төмен дауыс деген секілді мәліметтер алынбады.

Мәлеметтерді алу бір аптадаға жуық уақыт алғандықтан. Сан жөнінен оңға-солға ауытқулар болады. Бірақ ауытқулар 1-2%-дан аспауы керек. Massaget.kz сайтынан тек блогтар деген бөлімдегі мақалалар алынды. Қалған жаңалықтар алынбады. Өйткені біз блогосфераның статистикасын жасап жатырмыз. Басқа да қызықты статистика көргілеріңіз келсе төменде пікір ретінде қалдыра аласыздар.

Мәліметті жинаудың техникалық жағы

Статистика үшін мәліметтер деректер қорына тікелей байланыссыз алынды, бір күнде python тілінде скрипт жазылып мәліметтерді сақтау үшін mysql пайдаланылды. Барлық мәліметті алып болу үшін бір аптадай уақыт кетті. Скрипттің ең негізгі бөлігінің, мақаладан мәлімет алу функциясы:


def parse_article(url):
    print url, "мақаласы туралы мәліметтерді алу"
    article_page = get_page_tree(url)

    date = dateutil.parser.parse(article_page.xpath(".//*[@class='topic-header']/.//time/@datetime")[0])
    blog_name = article_page.xpath(".//a[@class='topic-blog']/text()")[0]
    view_count = int(article_page.xpath(".//*[@class='viewcount-info']/text()")[0])
    favorites_count = int(article_page.xpath(".//*[contains(@id, 'fav_count_topic')]/text()")[0])
    author_link = article_page.xpath(".//*[@rel='author']/@href")[0]
    comments_count = int(article_page.xpath("count(.//section[starts-with(@class, 'comment') and not(contains(@class, 'comment-deleted'))])"))
    article_name = article_page.xpath(".//*[contains(@class, 'topic-title')]/text()")[0]

    author_id = parse_author_info(author_link)
    articleID = database.save_article(article_name, date, blog_name, view_count, favorites_count, author_id,
                                   comments_count, url)
    parse_comments(article_page, comments_count, articleID)


Әр сайттан бірінші барлық блогтардың сілтемелері, одан соң әр блогтан мақалалар сілтемелері алынып, мақалалар сілтемелері жиналып алынды. Содан кейін жоғарыдағы функцияны қолдану арқылы әр мақала туралы мәліметтер алынды.

Жалпы статистика

Барлығы 26905 мақала, 402245 пікір, 6081 пайдаланушы туралы мәліметтер алынды. Ескерту: тек мақала немесе пікір жазған пайдаланушылар алынды.

Әр сайт бойынша:

СайтМақалаларПікірлер
kerekinfo.kz9770 231598
massaget.kz 8806 91731
aitaber.kz 4735 65708
blogtime.kz 3594 13225

Ал енді графиктер.

Әр айда жазылған мақалалар санының көрсеткіші



Ең жоғарғы көрсеткіш 2012 жылдың 3-айында болғанын көріп тұрмыз. Кейінгі 2013 жылдың 10-айында болған серпінге massaget.kz сайты өз септігін тигізіпті. Ал соңғы айлардағы серпінге blogtime.kz айтарлықтай үлес қосқан. Бірақ соңғы айларда көрсеткіш төмендеп келеді.

Әр айда жазылған пікірлер санының көрсеткіші



Мұнда да мақалалар секілі 2012 жылы рекордтық көрсеткішті байқай аламыз, ал одан соң тек үлкен қарқынмен төмендеу. Соңғы серпін 2013 жылдың 8-айында байқалады, оған kerekinfo.kz сайтында болған серпін себепкер болған деп айта аламыз. Мақалалар санымен рекорд орнатқан blogtime.kz сайтында пікір жағынан ол активтілікті қайталай алмапты.

Бір күндегі сағат бойынша жазылған мақалалар саны



Таңғы 4 пен 9 арасында ең төмен көрсеткіш, не үшін екені түсінікті. Ал ең жоғарғы көрсеткіш кешкі 18:00 мен түңгі 23:00-00:00 арасына келеді екен.

Бір күндегі сағат бойынша жазылған пікірлер саны



Ал пікірлер 18:00 де ең көп жазылады екен.

Апта күндеріне шаққандағы мақалалар саны



Шынымды айтсам активтілік демалыс күндері төмендейді деп ойламаппын )). Пікірлердің активтілік графигінде де тура осы көрініс. Демалыс күндері мақала мен пікір жазушылар саны күрт төмендейді екен.

Жалпы қаралымдар саны

Жалпы төрт сайт бойынша мақалалар қаралымдар санының қосындысы — 27 462 117. Әр сайт бойынша:



Ал енді номинациялар

Ең көп мақала жазылған күн: 02 ақпан 2012 жыл, 63 мақала.

Ең көп пікір жазылған күн: 20 ақпан 2012 жыл, 1335 пікір.

1) Ең көп мақала жазғандар бестігі

Мақалалар саныАвтордың профиліне сілтеме
1721http://kerekinfo.kz/profile/asaubota/
2621http://kerekinfo.kz/profile/Abilakim/
3444http://kerekinfo.kz/profile/satibaldi/
4346http://aitaber.kz/profile/m170785/
5293http://blogtime.kz/profile/AlmasNakhypbek/

2) Бір күнде ең көп мақала жазғандар бестігі

Мақалалар саныАвтордың профиліне сілтемеЖазылған күн
115http://massaget.kz/profile/55236/2013-02-04
214http://blogtime.kz/profile/NurmuhamedAldabergenov/2014-05-02
313http://aitaber.kz/profile/Aknyet99/2012-01-29
413http://massaget.kz/profile/61607/2014-04-24
512http://massaget.kz/profile/54963/2013-01-19

3) Ең көп пікір жазғандар

Пікірлер саныАвтордың профиліне сілтеме
111714http://kerekinfo.kz/profile/asaubota/
29929http://kerekinfo.kz/profile/satibaldi/
39641http://kerekinfo.kz/profile/Gastarbaiter/
47763http://kerekinfo.kz/profile/Abilakim/
57360http://aitaber.kz/profile/qyrmyzy/

3) Бір күнде ең көп пікір жазғандар

Пікірлер саныАвтордың профиліне сілтемеЖазылған күн
1172http://kerekinfo.kz/profile/meirzhan/2011-09-04
2146http://aitaber.kz/profile/qyrmyzy/2012-02-20
3128http://kerekinfo.kz/profile/AL-ASTER2011-09-04
4124http://kerekinfo.kz/profile/Gastarbaiter/2011-06-03
5118http://kerekinfo.kz/profile/kokbori/2012-02-10

4) Ең көп қаралған мақалалар бестігі

Қаралымдар саныМақалаға сілтемеМақала тақырыбы
1120752http://kerekinfo.kz/blog/suret/2397.htmlСекс туралы қызық фактілер
2116999http://kerekinfo.kz/blog/boyannn/7282.htmlӘйелдер және секс туралы айтылғандар
385474http://massaget.kz/blogs/3719/Логикалық сұрақтар
480179http://massaget.kz/blogs/7805/Тіл туралы мақал-мәтелдер
575612http://massaget.kz/blogs/1555/Махаббат жайлы үздік 10 қазақша ән

5) Ең көп пікірленген мақалалар бестігі

Пікірлер саныМақалаға сілтеме
1795http://aitaber.kz/blog/blog/1957.html
2702http://kerekinfo.kz/blog/suret/7502.html
3701http://kerekinfo.kz/blog/debats/4653.html
4633http://aitaber.kz/blog/clubflood/615.html
5551http://aitaber.kz/blog/blog/2892.html

Ескерту: төмендегі статистикада massaget.kz қатыспайды

6) Жоғары дауыс жинаған пікірлер

Жоғары дауыс саныПікірге сілтеме
122http://aitaber.kz/blog/blog/1957.html#comment26287
222http://kerekinfo.kz/blog/debats/6393.html#comment143425
320http://aitaber.kz/blog/blog/1957.html#comment26524
419http://kerekinfo.kz/blog/8716.html#comment217605
517http://kerekinfo.kz/blog/9310.html#comment242468

6) Төмен дауыс жинаған пікірлер

Төмен дауыс саныПікірге сілтеме
114http://kerekinfo.kz/blog/narrator/7589.html#comment181108
212http://kerekinfo.kz/blog/narrator/7589.html#comment181064
312http://kerekinfo.kz/blog/10997.html#comment269928
412http://aitaber.kz/blog/london2012/3022.html#comment47451
512http://kerekinfo.kz/blog/Abilakim/2991.html#comment47743

7) Бір күнде ең көп пікір қалдырылған мақалалар ондығы. (Неге он? Себебі ең көп талқыланғандар ең қызықтары болуы керек ;) )

СілтемеПікірлер саныПікірлер жазылған күнМақала тақырыбы
1http://aitaber.kz/blog/clubflood/615.html5482012-02-20Әйелім… болса деймін
2http://kerekinfo.kz/blog/suret/7502.html4652012-02-16Жұмыс үстеліміз қандай?
3http://kerekinfo.kz/blog/debats/4653.html3812011-09-04«Нақыл сөздер шайқасы» немесе «Сөзден сөз шығады»
4http://kerekinfo.kz/blog/5804.html2912011-11-07На то пошло, Мағауин маған ешкім емес!!!
5http://kerekinfo.kz/blog/7511.html2792012-02-17Дорбаңда не бар?
6http://aitaber.kz/blog/blog/1957.html 2772012-06-01Кел, танысайық!
7http://kerekinfo.kz/blog/kazkino/8755.html2722012-06-08Фильмды тап
8http://kerekinfo.kz/blog/6800.html 2522012-01-08Келмей қойдың… (Реалистік поэзияның алтын қорынан)
9http://kerekinfo.kz/blog/8748.html 2372012-06-07"Қазақстан тоқалдары" журналының арнайы Euro-2012 шығарылымы
10http://kerekinfo.kz/blog/8716.html 2152012-06-01Керек Ата-аналар, мейрамдарың құтты болсын!

Қорытынды

Көріп отырғанымыздай блог жазушылардың активтілігі (мақала жағынан да, комментарий жағынан да) төмендеп келе жатқаны байқалады. Бірақ бұл осындай бір кезеңге түсіп қалғандықтан да болуы мүмкін. Барлық рекордтар сонау 2012 жылдары ұрылған. Мүмкін оған көп уақыт өткені де септігін тигізген болуы мүмкін, бірақ олай болуының ықтималдығы, менің ойымша, өте төмен.

Тағы бір байқалғаны, мақаланы таңдаулылар қатарына алу функциясы өте кем пайдаланылады екен. Жоғары немесе төмен дауыс беру де аса көп пайдаланылмайды, соған қарағанда пайдаланушылар пікірге деген көзқарасын дауыс беруден гөрі жаңа пікір жазып көрсеткенді ұнататын көрінеді.

  • +8
20 пікір
kamyrov
ооо, Abylai_adil сенің комментариін ең үздік болған екен ғой))
Abylai_adil
это было давно и неправда XD
қай-қайдағыны еске түсіріп сендер де ))
kamyrov
Кешір, мынамен бөліспеу мүмкін емес екен)
Abylai_adil
Ууууу! Темааа! Осы ғо мақала деген :)
Не ма, жинаған мәліметтеріңді xml-мен жібере аласың ба? Мен де бірдеңелер жасап қөрейін деп едім осылай
raimbek
Аха, алдын дайындап, ашық қолжетімді жерге қоямын. Мақалада жазып қалдырамын істеген кезде.
Bad_Robot
Ого, керемет аналитикалар да жазыла бастады! Авторларға рысбек.
samlabs821
szh сайтына logstash пен elasticsearch аркылы онлайн статистика шыгарайык
raimbek
Оны yerbol89 ұсыныс жасау керек. Мынау туралы не айтасың? )
samlabs821
болады гой. Коринисте адеми дегенмен пайдалы маглумат коп емес)
raimbek
сенен бір мақала күтеміз онда )
yerbol89
Сәке logstash пен elasticsearch не екендігін түсіндіріп бере аласың ба? :) Қандай статистика екенін. Рахмет!
kamyrov
Раимбек, бұрын айтқанымдай, өзінің сайтына онлайн режимде қазақстандық блогсфераның аналитикасын корсететін бір парақ жасап жіберсен, сонда ақпараттың ескіруі туралы сұрақтар туындамайды)
raimbek
Олай жылдам жаңарып отыруы үшін өкінішке орай деректер қорына тікелей байланыс қажет, мен сияқты мәлімет жинау өте баяу жүреді.
tonukok
тест! тееест!
Abylai_adil
мен де сондай бірдеме мутить еткім келіп жүр, Қазнет тынысы деген сияқты бірдеңе
yerbol89
Абылай сенің RSS агрегаторың сол ноутпен бірге кетті ма?
raimbek
asaubota мақала жазудан да, пікір жазудан да жан салмайды екен алдына ))
9v_kz
Тамаша… Өз бетімен анализ жүргізу деп осыны айт, біздер әлі аударумен шектелудеміз :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.