Mail.Ru Group "Вконтакте" әлеуметтік желісін сатып алды


Mail.Ru Group UCP қорынан «Вконтакте»-нің 48,01%-ын сатып алғандығы туралы жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Келісімнің жалпы бағасы $1,47 млрд. Mail.Ru бұл келісімді өзінің қорынан ($585 млн) және «Газпромбанк»-тан 11,5%-бен төрт жылға алынған кредит арқылы төледі. Әлеуметтік желіні сатып алу үшін Mail.Ru Group жалпы $2,07 млрд қаржы жұмсағандығы туралы өз баспасөз хабарламасында хабарлады.

Сонымен қатар, Mail.Ru Group, UCP және «Вконтакте» негізін салушы Павел Дуров арасында барлық сот іс шараларын тоқтату туралы келісім жасалған.

Менің бұрынғы әріптестерімнің Telegram бағдарламасына деген наразылықтан бас тарту туралы шешімдерін құптаймын. Өз жағымнан UCP қорына деген барлық наразылықтарды қайтарып аламын және келісімге қатысушы барлық жақтарды жағдайдың реттелгендігімен құттықтаймын.

— Павел Дуров, «Вконтакте» және Telegram негізін салушы

Бұған дейн Mail.Ru Group-қа «Вконтакте»-нің 52%-ы тиесілі еді. Келісімдер аяқталған соң әлеуметтік желі Дмитрий Гришин холдингінің қол астына өтеді.

Наурыз айында РБК баспасы, UCP қорының басшысы Илья Щербович, Mail.Ru Group-тің ірі акционері Алишер Усмановқа акцияларды сатып алу туралы ұсыныс жасағандығы туралы хабарлаған еді. Бірақ ол кезде Mail.Ru Group «бағалар нарыққа сәйкес емес» деп, ұсыныстан бас тартқан болатын. Сол кезде UCP өзінің үлесін $2 млрд деп бағалаған еді.

UCP қоры «Вконтакте» негізін салушалары Вячеслав Мирилашвили және Лев Левиев үлестерін 2013 жылдың сәуір айында сатып алған. UCP қорының осы әрекетінен соң Mail.Ru Group, Павел Дуров және UCP арасында акционерлік дау пайда болған. Дуров және Mail.Ru Group акциялардың бұрынғы иегерлері ретінде сатып алуға басымдықтары болғандығы туралы айтып, UCP жасаған келісім заңсыз екендігін алға тартты. Өз кезегінде UCP қоры тікелей акцияларды емес офшорлы компанияларды сатып алғандығы туралы айтып қорғанды.

UCP қоры өз кезегінде, Дуровты корпоративтік ресурстарды басқа жобаларды жасауда жұмсады деген айып тақты (Telegram бағдарламасы).

2014 жылдың сәуір айында Дуров «Вконтакте» бас директоры лауазымынан бас тартты және шет елге кетті. Ол сол кезде Ресей туралы «интернет-жобаларды жасауға жарамсыз» деген сөз айтқан болатын.

Қалай болғанда да енді «Вконтакте» Mail.Ru Group-қа тиесілі. Енді әлеуметтік желі мынандай келбет алуы мүмкін деген қауесет бар ;)

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.