Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстанды Африка елдері басып озды

NetIndex ресурсы интернет жылдамдығы бойынша жаңа рейтингті жариялады. Ол рейтинг бойынша Қазақстан орташа 16,7 Мбит жылдамдықпен 58 орыннан табылып, бір орын артқа жылжыды. Ал жыл бойынша Қазақстан 6 орынға төмен түсіпті. Осылай Қазақстан, интернет жылдамдығы бойынша керек десеңіз кейбір Африка мемлекеттерінен (Маврикий аралы, Сан-Томе және Принсипи) оған қоса Катар, Уругвай мемлекетінен артта қалған. Сонда да Қазақстан ТМД елдерінің арасында

Негізінде Қазақстанда интернеттің орташа жылдамдығы жыл сайын артып келеді. Әр жылда 3 Мбит/сек.



Қазақстандағы интернет жылдамдығы бойынша қалалардың рейтингтері қызық: бірінші орында Балқаш (33,04 Мбит/сек), екінші орында — Жезқазған(31,82 Мбит/сек), үшінші орында — Ақсу (29,65 Мбит/сек). Астана 16-орында (15,74 Мбит/сек), Алматы 13-орында (16,73 Мбит/сек).



Интернет жылдамдығы бойынша ең мықты үштікке «Intelsoft Kazakstan Ltd» (52,83 Мбит/сек), X-communication Ltd. (44,33 Мбит/сек) және «Связь-Инком-Сервис және Телекоммуникации» (43,77 Мбит/сек) пройвайдерлері кірген.



Егер ұялы интернет туралы айтатын болсақ, онда орташа жылдамдық 8 Мбит/сек (жүктеу) және 4,7 Мбит/сек (жіберу). Ең үлкен жылдамдық (10,46 Мбит/сек) Алматы қаласында, ал ең кішісі — Маңғыстау облысындағы Тенге ауылында (2,31 Мбит/сек).



NetIndex рейтингінде бірінші орынды Сингапур иеленді (104,21 Мбит/сек).

goo.gl/it0UXU

  • +3
3 пікір
aigerim_keulimzhai
Енді Африкадан озғанымызға мақтануымыз керек пе? :)
qwerty
Озса мейлі, қалып кеткенбіз ғой :). Жиырма жылда үйттік бүйттік деп жүріп интернет жылдамдығы кейбір Африка елдерінде біздікінен жоғары екен)))
aigerim_keulimzhai
Кьешырым өтінем, тақырыпты дұрыс оқымаппын )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.