Twitter бас директоры 2015 жылы орнынан босатылуы мүмкін

Twitter бизнесінің ақсауы мен Instagram үстемдігінің арқасында Twitter бас директоры орнынан босатылуы мүмкін. Осындай сыбыр сөздер нәтижесінде Twitter акцияларының бағасы көтерілдді.

SunTrust Robinson Humphrey инвестициялық банкінің аналитигі Роберт Пек (Robert Peck) айтуы бойынша осындай жағдайда Костоло (Twitter бас директоры) басшылық қызметінде бір жылдан артық қала алмайды. Оның орнына келуі мүмкін өте көп қызықты кандидаттар бар.



Аналитиктің болжауынан соң Твиттер акцияларының бағасы 3,6 пайызға көтерілді яғни $38,43-ға дейін. Бірақ 23 желтоқсан күнінің нәтижелеріне сәйкес акциялардың бағасы $37,57 көлемінде қалды.

ZK Research қызметкері аналитик — Зевс Керравала (Zeus Kerravala) айтуы бойынша Костоло компанияның бизнесін жақсарту мақсатында шаралар қолдануы керек, әйтпесе оның орнынан кетуі әбден мүмкін.



2014 жылдың үшінші кварталында Твиттер пайдаланушылар санының өсі динамикасы бәсеңдегені жайлы хабарлады. Өсу динамикасы 6,3%-дан 4,8%-ға дейін төмендеген. Қыркүйек айының соңына қарай сервистің белсенді аудиториясының саны 284 млн болды. Ал Instagram-да бұл көрсеткіш 300 млн.

Дик Костоло (Dick Costolo) — қазіргі кездегі Twitter компаниясының бас директоры. Бұл лауазымға 2010 жылы Эван Уильямстан соң келген болатын.

Дереккөз: goo.gl/VgNwZe

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.