Facebook пайдаланушылары, абайлаңыздар! "Магнит" троян вирусы.
- qwerty
- Ақпараттық қауіпсіздік / 31 қаңтар 2015, 22:40
- 2274
Facebook пайдаланушылары, абайлаңыздар! Кез-келген порно немесе басқа да күдікті сілтемелерді баса көрмеңіз. Қауіпсіздік мамандарының айтуынша Троян вирустары екі күн үшінде 100 мыңнан астам Facebook пайдаланушыларын зақымдап үлгерген. Бұл көрсеткіш көтеріліп келеді.
Facebook-тағы вирус пайдаланушыны Flash Player жаңартылуы кейіпінде зақымдап, соның атынан порнографиялық видеоны жүктеп пайдаланушының атынан жариялаған. Сонымен бірге әдетте вирус жарияланымда пайдаланушының 20 шақты досын белгілеп отырған. Әрине, ол вирустың одан да көп тарауына септігін тигізді.
«Вирус жаңа әдісті пайдаланады, біз оны „Магнит“ деп атадық. Өйткені вирус жарияланымда пайдаланушының достарын белгілеу арқылы, басқа адамдарды да зақымдануға тартады. Facebook-та досың белгіленсе, жарияланым достардың достарына да көрінеді, бұл вирустың таралу жылдамдығын бірнеше есе арттырады» — деп айтады PricewaterhouseCoopers компанисының консультанты Mohammad Faghani.
Вирустың жұмыс істеу принципі мынандай: вирус белгілі бір порнографиялық материалды сілтемемен жариялайды, сіз ол сілтемемен өткен кезде, сайт ашылып видео файлды көру үшін flash жаңартылуын жүктеп алуды ұсынады. Сіз оны жүктеп алсаңыз, жаңартудың орнына компьютеріңізде троян вирусын аласыз. Ол бірден пернетақта мен тышқанды бақылауға алуы мүмкін немесе маңызды мәліметтерді ұрлауы мүмкін (парольдер, почтаңыз және т.б.).
Бұл жаңа әдіс сіздің facebook сайтындағы профиліңізді толық бақылауға алуы мүмкін. Ал ол вирусқа сіздің атыңыздан жарияланымдар жасауға мүмкіндік береді. Тағы бір келеңсіз жағдай, ол достарыңыз, туыстарыңыз сіздің порнографиялық материалмен бөлісіп отырғаныңызды көреді. (Әрине, олар басқаша ойға кетеді :) ).
Сіз үшін бұл вирустан қорғанудың әдісі, жай ғана сілтемені баспау. Сонда facebook лентаңыз таза болады. Жай ғана сілтемені баспаңыз!
-
+2