Usb 3g модем және Ubuntu роутер

Ауылда интернет қатық, әрі қымбат. Қазақстанымыздың түкпір-түкпірлеріне кең жолақты интернет жетті деп ауыз толтырып, көкірек соғатын қазақтелекомға қаладан бес шақырым жердегі ауылға интернет түгелі жай телефон әкеле алмай отырғаны үлкен сын. Бірнеше рет барып, табалдырықтарын тоздырғам, биылғы жоспарға қосамыз деп шығарып салды соңғыда. Дегенмен телеком қашан келеді деп отыра берген де болмайды, қазтранскомға да жазғам. Олар кетәрі емес тек қымбат, неге дегенімде қасыңдағы үйлерге өзің таратып, пайда көрмесең деп қысқа қайырды.
Содан usb модемдерге көштік, жылдамдық жағынан тиімдісі билайн болып шықты, бірақ қымбат. Әрі бері жүріп Jetке көштім. Тіпті сол үшін ноутбугімдегі линуксті өшіріп, виндовозға отырдым қайтадан. Интернет үшін не істемейсің десиші, ол аз болғандай байғұстың интернеті, дәлірек айтқанда модемнің бағдарламалық жабдығы, тек хроммен ғана қалыпты жұмыс істейді екен, жақсы оған да көндік. Модемді бөлісудің амалын уақытша шештік, виндоусты роутер қылу арқылы. Бір ай бұрын, нтв қостырдым, кард шаринг деген бәле бар екен, интернет арқылы жасайтын. Былай қарасаң ол да проблема емес, сим карта арқылы интернетке қатынайтын ресивер алдырдым. Каналдары зависать етіп көрсетпейтінді шығарды, әрі-бері шұқылап, ресиверді Басқасына ауыстырдық, ол тікелей юзб модем және лан, вайфай арқылы жұмыс істейді. Модемді тікелей жалғадық, жақсы көрсетті. Енді интернетті бөлісу мәселесі шықты. Себебі интернетті компьютерге қосса, нтв көрсетпейді және керісінше.
Ревизия басталды, итжылғы пентиум3 компьютері, пайдасыз болып қалған WIFI адсл модем, Ubuntu дистрибутиві және юзб модем. Проблема осы тұста басталды. Менің модемім ZTEнікі болып шықты, ал форумдар «хуавей» болмаса уішівөл деп зарлап жатыр. Опшым қандай модем (usb) болмасын негізгі бағдарламалық жабдықтары виндоусқа негізделіп жазылған. Автоматты түрде виртулды CDROM болып жүктеледі де, драйверлерін орнатады. Әрине ол драйдерлер линуксқа бармайды, онысын былай қойғанда линукс ондай модемді модем ретінде мүлде танымағандықтан оған қажетті драйверлерді іздемейді де. Сонымен бірінші мақсатымыз модемді көрсету. Ең оңай тәсәлі AUTORUN.FLG және NODOWNLOAD.FLG файлдарын қшіреміз. Бірақ ол модемді болашақта виндоусқа қосуымыз мүмкін (кім біледі), сондықтан ештеңе өшірмейміз.
modeswitch скриптісін орнатамыз:
sudo apt-get install usb-modeswitch

Модем PPP протоколы арқылы жұмыс істейді. Wvdial бағдарламасын қолданамыз. Қолданысқа өте ыңғайлы, бәрі түсінікті.
sudo apt-get install wvdial

Енді модемді қосып, конфигуратор файлын дайындаймыз
sudo wvdialconf

Барлық портты сканерлеп, модемді тауып алады да, конфигурация файлын жасақтайды. Енді конфигурация файлын провайдердің нұсқаулығын басшылыққа ала отырып өңдейміз. Яғни сәйкес жеріне логин, пароль, қосылу номері тб. Конфигурация файлын ашу үшін:
sudo nano /etc/wvdial.conf

Шамамен төмендегідей файл шығады:
Modem Type = Analog Modem
Baud = 9600
New PPPD = yes
Modem = /dev/ttyUSB2
ISDN = 0
Phone =#777
Password = PIN CODE
Username = [email protected]

мысал Jet3g үшін келтірілген, басқа провайдерлер үшін нұсқаулығын қарайсыздар.
Модемді қосамыз:
sudo wvdial

Бәрі керемет модем отырды, қосылды, интернет бар, бірақ тек серверде ғана. Интернетті тарату үшін Ethernet интерфесті WI-FI модем (мүмкін пайдаланылмай тұрған шығар) немесе WI-FI точка доступа керек. WIFI құрылғыны серверіміздің Ethernet портына қосамыз. Және мынадай кішкене скрип жазамыз.

#! /bin/sh

iptables --flush
iptables --delete-chain
iptables --table nat --flush
iptables --table filter --flush
iptables --table nat --delete-chain
iptables --table filter --delete-chain

iptables -P FORWARD ACCEPT
echo 1 > /proc/sys/net/ipv4/ip_forward

iptables -t nat -A POSTROUTING -o ppp0 -j MASQUERADE

Осы скриптіні iptab деген атаумен /home директориясын сақтаймыз, яғни адресі мынадай болады: /home/iptab.
скриптіні іске қосу үшін орындалатын етіп сақтауымыз керек.
sudo chmod +x /home/iptab

Енді жай файлымыз орындалатын файл болды, виндоустағы .exe файл секілді.
Скриптіні орындаймыз:
sudo sh /home/iptab

Интернет таратылды кез келген WIFI қолдайтын құрылғымен интернетке шығуға мүмкіндік бар.

PS: Әлбетте, -Лібә, зайбал!- деуге қақыңыз бар, олай болса 3g WIFI роутер сатып ала сал.

  • +3
1 пікір
onlasyn
Ауылың қаншалық қашық қаладан?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.