Шағын бизнеске сайт не үшін керек?
Сөз басталмас бұрын, алдын ала мақаланың тек субъективті көзқарас тұрғысынан жазылғанын ескеріп қойыңыздар.
автор
Сайт жасалу қалай жүзеге асып жатыр?
(сурет https://dexnovaconsulting.com сайтына тиесілі)
Бүгінде сайт жасау кәсібі кең таралған қызмет түріне айналып кетті. Жалғыз басты адамнан, шағын және үлкен топқа дейін, компанияларға дейін сайт әзірлеу, жетілдіру, қызмет көрсету жұмыстарын жасайды. Сәйкесінше, сайт жасау технологиялары да әртүрлі. Өнімнің жобалануындағы страгегиялық жоспар, дизайн, функционал, жарнама, контент, адами және техникалық ресурс, қаржылай кіріс-шығын жоспарын кіші ауқымнан бастап орта және үлкен ауқымға дейін қамтитын жұмыстар жасап жатыр. Бұларды кейде бір адам жасап жатса да таң қалмауға болады.
Көбіне, сайт сапасы алдымен оны қолға алған адамдардың біліктілігіне байланысты болып жатса, екінші әрине қаржылық жоспарға келіп тіреледі. Немесе, керісінше. Бұл екі талап үнемі орнын ауыстырып жүр. Себебі, белгілі бір тұрақты тариф табу қиын, барлығы сайт күрделілігіне байланысты екені ақиқат. Кәсіп мақсаты қаражат табу болғанымен, кей тапсырыс қабылдаушыларға біліктілік деңгейі былай тұрсын, ісіне деген жауапкершілік, тапсырыс беруші мақсатына деген сыйластық жетіспей жататын сияқты. Сәйкесінше, тапсырыс берушілерге де келіспеушіліктер орын алып жатады. Көбіне, нақты қалауын сипаттап бере алмауы, артынан өзгеріс санын көбейтіп жіберуі, қалауына сәйкес қаражат төлеуден жалтару ниеттері де байқалады. Бұл жағдайдың негізгі себебі, алдымен сайт жасақтау бойынша ортақ стандарт сома жоқтығы болса, екіншіден өнімді жасақтаушы мен тапсырыс беруші тараптардың сайт технологиялары туралы түсініктерінің таяздығы. Нақты іске кіріскен кезде проблемалар туындауының көп себебі осында болар.
Қосымша, мына жерден сайттар туралы қысқаша ақпарат қарай кету артық болмас. Шағын біртипті қызмет түрін немесе біртипті тауар түрін сататындарға, мынадай жақсы ұсыныс бар. Осы мақалаға жоғарыдағы екі сілтеме бонус болсын. :)
Алғашқы абзацта келтірілген бірқатар маңызды пункттердің ішінде көп талқыланатыны сайт жасау әдісі болса, одан кейінгі орынды SEO-ға беру қажет болар. Әйтпегенде, сайт жасаудың мәні жоқ дер едім. Қысқаша, SEO жұмыстары жақсы жасалса, google, yandex, mail.ru сияқты іздеу жүйелері арқылы көптеген клиенттер сайтыңызға кіріп, компанияңыздың клиент саны көбейеді, сәйкесінше кіріс, пайда көзі ұлғаяды. Ол туралы бөлек пост жазу керек, әрине.
Сайттың рөлі қандай?
(сурет http://pauldunay.com/ сайтына тиесілі)
Жарнамаға қатысты кез-келген бизнесменді қызықтыратын мынадай ерекшеліктер бар: жарнама шығынына сәйкес, пропорционалды тұрғыдан пайда әкеле білуйі керек. Ол дегеніміз, қымбат деп бағаланған жарнама сәйкесінше компанияға клиенттер тартылуына ықпал етуі керек. Ал бұл нәтиже үшін барлығы шығынды аямай жатқанда, осы нәтиже үшін аз шығын кетіріп, мол нәтиже кімді болсын қызықтырады емес пе? Осы тұрғыдан сайттың берер пайдалы жақтарын айта кетейік: жыл он екі ай, аптасына жеті күн, 24 сағат жұмыс істеп, клиенттерге компанияңыз көрсететін қызмет түрлерін, тауарлар каталогын, контакт ақпаратты тағы да басқа ақпарат, графикалық, аудио, видео, анимациялық ақпарат ұсынып, түрлі сұраныстар орындау, құжат, ақпарат қабылдау, төлем қабылдау сияқты жұмыс атқаруға мүмкіндік ашады. Біріншіден, компания персоналдар санын азайтады, екіншіден, арзан әрі нәтижелі жарнама түрі, үшіншіден, есеп қисапты жасауын автоматтандырып қоя аласыз, төртіншіден, клиентпен байланыстың біраз этаптарын автоматтандырып қоя аласыз. Өзіңіздің де, өзгенің де уақытын үнемдеуге себеп бар. Айталық, клиент өз бетімен туындаған сұрақтарға сайттан ақпарат алып, өз бетімен автоматтандырылған қызмет түрін пайдаланады, қызмет тауар түрін интернет арқылы тамашалай салады. Айта берсе, кезек толып жатқанын қуана хабарлап, әңгіме осы жерден тоқтасын.

Сіз сөзсіз келісетін ұсыныс жасаймын.(Бір замандағы Америка көркемфильмінен цитата)

-
+1