landing page дегеніміз не?
- nurzhol
- Маркетинг, жарнама және PR / 24 желтоқсан 2013, 16:11
- 6451
Біраз уақыт болып қалды, осы термин кең таралып та кетті.
Жалпы, нақты ақпаратсыз ұзынқұлақ деңгейінде сөз қозғасақ, бұл термин әдеттегіше АҚШ, Батыс Еуропа жақтан келген. Қазіргі уақытта Ресейлік Осипов бастаған «Бизнес молодость» жобасы бизнесті жүргізу бумындағы сайт жасау ісіне келгенде, осы сайт түрін жасауды ұсынып жүрген көрінеді.
Сонымен, landing page дегеніміз не?
Бұл сөздің аудармасын гугл транслейттен аударып аларсыздар. :) Түпкі мақсаты — клиенттерді жылдам тарту, аулау. Былайша, қармақ-сайт.
Құрылысы:
Сайт жалғыз парақтан тұрады. Бір қызмет немесе бір тауар (әрі кетсе бірнешеу) үшін ғана арналған сайт. Мақсаты, аз уақытта клиентке қажет ақпаратты ұсынып, уәдені беріп, нәтижені көрсетіп, жылдам сатып жіберу. Назарын тек бір затпен ғана айналдыру. Қысқа да нұсқа ақпаратпен клиентті баурап алу керек.
— Тақырыбы;
— Мазмұны;
— Нәтиже;
— Алғыстар;
Қысқаша өз деңгейімде ғана білетін аздаған мәліметпен бөліссем:
Тақырыбы. Иә, қарапайым кез-келген бизнесті қойғанда, мына мақала да тақырыптан тұратыны белгілі. Белгілі бір мақсаты болады.
Мазмұны. Сіздің компанияңыздың тарихы, коллектив, өмірбаян сияқты толып жатқан ақпарат шынын айтқанда, ешкімге керек емес. Клиент өзіне керекті ғана іздеп келеді. Оның орнына өзіңізді қойып көріңізші. Сондықтан, нақты сипаттама, плюс (өзіңіздің тауарыңыздың) және минус (конкурентіңіздің) жақтары туралы нақты пункттер. Суреттер, слайд, видео. Клиентті асықтыратын таймер типтес элементтер мен жеңілдіктер.
Нәтиже. Тауар, қызметтер.
Алғыстар. Бұл жерде суретпен немесе видео түрінде клиенттердің алғысы, құжаттамалар сияқты клиенттің сеніміне кіретін дәлелдер.
Лендинг пейджге қарапайым мысал: karmey.kz/ (бірнеше күн бұрын біздің студияда жасалды)
Сайтты жасап қоймай, одан кейін жарнамалау керек. Ең маңыздысы осы болар. Google Adwords, Yandex Direct қажет. Іздеу жүйелерінің жоғарысынан, ерекше бөлімдерден сіздің сайтыңыз шығып тұруы керек. Бұл типтегі сайттар қарапайым визиттік сайттардан 4-5 есеге дейін өзіне клиент жинайды, бизнесті алға жылжытуға жақсы әсер етеді.
Сайтты контрольға алу үшін, Google Analytics, Yandex Metrika қызметтерін пайдаланасыз. Бұдан басқа да ақылы қызметтер бар.
Базалық мүмкіндіктері (кейбірі ғана):
*Сайтқа қанша адам кірді. Секунд, Минут, Сағат, Күн, Апта, Ай, Жыл сайынғы мәлімет;
*Қандай сайттан адамдар көптеп ағылады, соны анықтау;
*Қандай өңірден адамдар көп кіреді;
*Қандай тақырыптар көп оқылады;
*Сайтта отыру ұзақтығы;
*Қандай кілтсөздер арқылы адамдар көп кіреді;
*Қандай құралдар арқылы көп кіреді;
Бизнесіңізге сәттілік! Қосымша сұрақтарды комментке қалдыра берсеңіздер, әрі қарай талқылайық.
Дереккөз: like-minded.kz/blog/business/14.html
-
+2
Себебі ресей сайттарына кіргенде көбіне контексті жарнама шертілсе немесе еріксіз сайтқа кіргенде тышқан шертілсе болды жаңа бетте ашылатын осындай landing page сайттарға әбден мезі болғандықтан адам ашылмай жатып қашып кететін жағдай бар.