Сайттың жасалу технологиясын қалай анықтаймыз?

Егер кез-келген сайттың жасалу технологиясы қызықтырса, бұл мақала сіз үшін. Сіз сияқты қызығушылар саны көп деген ойдамыз. Көбіне бұл сұраныс екі себеп салдарынан орын алып жатады. Біріншісі, кез-келген бір сайтқа қызығып, сол сияқты сайт жасау қажеттігі туындайды. Екінші себеп, сайт қауіпсіздігі қызықтырса.
Бұл тақырыпқа қатысты өте көп бағдарлама, сайттар және түрлі қызмет түрлері бар. солардың арасынан өзіме ұнады деген төртеуін ұсынуға рұқсат етіңіз.



Netcraft
Ғаламтордағы есеп беру құралдардың ескілер қатарындағы қызметтердің бірі осы болар. Акселератор, Фреймуорк, CMS, API, CDN т.б. ақпарат ұсынады.

Built With
Сайт жасалу технологиясы туралы қызықты ақпарат ұсына алатын қызмет.

W3 Techs
Бұл құрал арқылы CMS, бағдарламалық тілі, суреттер форматы, сайт элементтері, уеб сервер, траффик анализі және т.б. кесте түрінде қол жеткізе аласыз.

Built Based
Бұл қызмет түрі, сервер туралы ақпарат, бэкенд технология, CMS, Java script кітапханалары, құжаттар туралы ақпарат және т.б. технологиялар тізімін ұсынады.

Мақаланың оригиналы: сілтеме

  • +2
2 пікір
Bad_Robot
Нақметтен басқа айтарым жоқ, рахтың
nurzhol
Нақмет кәмпит те болмайд, бір плюс пен 50 бірлік лақтырып жібергеніңіз, салмақтырақ болар ма еді… XD (қалжың!)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.