Autodesk MeshMixer енді Linux платформасында да қолжетімді

Autodesk компаниясы MeshMixer бағдарламасының Linux нұсқасын тарата бастады. Бұл бағларлама 3D-модельдермен жұмыс істеуге арналған және Autodesk 123D жинағына кіреді. Атап айтқанда MeshMixer 3D-модельдерді импорттауға, көруге, өңдеуге және 3D модельдерді қосуға, оларды 3D басып шығаруға дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарлама қазіргі кезде толығымен тегін таратылады және Ubuntu 14.014 64-разрядты жүйе үшін қолжетімді.


  • +2