PHP7 революциясы: Қайтарылатын мәндер типтері және артефакттардың жойылуы

PHP7 шығарылуы жобаланған уақыт қарқынды жақындап келеді, ішкі топ күшейтiлген түрде жұмыс жасап жатыр. Негізгі мақсат сүйікті php тіліндегі қателіктерді түзеу, ескі артефакттарды жою және қалаулы жаңа функцияларды қосу. Көптеген оқуға, үйренуге тұрарлық RFC-тар бар, бірақ мен бұл мақалада олардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталамын. PHP 5.7 vs. PHP7 Өткен хатымда жазғанымдай 5.7 бірден PHP7 нұсқасын шығару мақсатында қабылданбаған...


  • +7

PHP Storm пайдалануыңызға үш себеп

Shainek coming back!!! PHP Storm бұл мен үшін ең ардақты, ең мықты құрал. Осынша уақыт бойында мен мұндай ыңғайлы, сүйкімді, аяулы құрал көрмеппін. Егер сіз әліге дейін оны пайдаланбайтын болсаңыз, мен бүгін сіздерді сол құралға өтуге көндіруге әрекет жасаймын. Бұл жарнама емес, phpstorm ең мақтауға тұратын құрал. Сонымен кеттік. Мен сіздерге мақтауға тұрарлық жерлерін тізіп айтсам 10 томдай кітап жазсам керек. Сондықтан бір көзге...


  • +3

PHP консольда. ПХПның басқа тілдерден қалатын жері жоқ!!!

Шәйнек болған соң осы ғой, бар дүниені енді көріп баладай қуанып жүресің. Тапқан дүниеммен басқа шәйнектермен асыға бөлісейін. PHP-ны жап-жақсы ақ консольда пайдалануға болады екен. Аха, аха, мен енді білдім. Негізі php-ның консольдағы пайдалы функцияларының бірі мынау болатын. Одан да басқа оның талай жақсы қыр сырлары бар екен. Менің бар осынша сарнап жатқаным php командасының пайдалы кілттері туралы. Ең бірінші кілт ол -a...


  • +3

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Gii код генераторын пайдалану.

Бұл жолы біз Yii-дің Gii генераторы туралы айтамыз. Бұл құрал жалқауларға арналған десем артық кетпеспін. Ол көптеген кодтарды редакторларда жазып отырмай, тез арада веб интерфейс арқылы генерация жасауға көмектеседі. Сол арқылы көөөп уақытты тежейміз. Gii негізі yii-дің бір модулі. Егер сіз yii-ді осы мақалалар сериясы бойынша орнатқан болсаңыз, онда gii сізде болуы керек. Оны тексеру үшін мынандай файлдарды қарауға болады. Бірінші...


  • +3

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Деректер қорымен жұмыс жасау негіздері.

Бұл мақалада деректер қорымен жұмыс жасап көреміз. Бағдарлама 'country' деп аталатын кесетеден мәліметтер алып соны бетте көрсететін болады. Деректер қорын дайындау Алдымен біз 'yii2basic' деп аталатын деректор қорын құрыңыз. Сіз оны SQLite, MySQL,PostgreSQL, MSSQL немесе керек десеңіз Oracle деректер қорында құра аласыз. Yii мына аталғандардың барлығымен жұмыс жасай алады. Біз мысал ретінде, mysql-ді пайдаланамыз. Mysql-де...


  • +2

PHP-дің кіріктірілген web серверін YII үшін пайдалану

Армысың халқым! Тағы бір ұйқысыз түн және сіздермен тағы да Шәйнек. Шәйнек болған соң php-дің кіріктірілген веб сервері бар екенін енді біліп жүрмін. Әр кезде LAMP немесе виртуалды машина қосып жүретін мен бұл тамаша құралды тауып алып қуанып қалдым. Енді сол серверді Yii үшін пайданайық. Кіріктірілген веб сервер жобаны жазған кезде өте пайдалы, жеңіл және debug жасауға ыңғайлы. Бірақ продакшнда пайдалануға болмайды . Кіріктірілген...


  • +2

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Формалармен жұмыс.

Бұл мақалада yii-де формалармен жұмыс істеп үйренеміз. Ешқандай лирикасыз кеттік q(^_^)p Формаларсыз веб бағдарлама өте аз шығар. Олар әдетте пайдаланушыдан мәліметтер алу үшін пайдаланылады (пайдаланушының аты, паролі, т.б.). Yii формамен жұмыс жасауға көптеген ыңғайлылықтар мен дайын құралдар ұсынады. Біз ең қарапайым форма пайдаланушының аты мен почтасы енгізілетін форма құрайық. Формаға қажет модельді құру Формамен...


  • +3

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Алғашқы бағдарлама.

Өмір — бұл мүмкіндік. Оны жіберіп алма! Пхпшы, менің мақалаларымнан көз жазып қалма! Ал, халайық, Yii-ді үйренуді жалғастырамыз. Алдыңғы мақаланы қорытып үлгердіңіздер деп үміттенем. Бүгін кішкеееентай жұмыс істейтін бағдарлама жазып көреміз. MVC MVC ол архитектуралық паттерн десек те болады. Оның кең тарағаны сонша, оны технологиямен шатастыратындар да бар. Паттерннің негізгі ойы, деректер қорымен жұмыс істеуді,...


  • +3

Yii фреймворкын үйренеміз (шәйнектен шәйнектерге). Yii-ді орнату.

Codeo жұрты, армысың, дей отырып, сіздердің алдарыңызда — Шәйнек, өзінің ұмытылмас, бірнеше жыл ел аузында аңыз болар мақалалар сериясын бастайды. Ең бірінші мақала қазір сайттардың, өтірік айтпасам 90 пайызы жұмыс істеп тұрған php тілінде жазылған Yii фреймворкы туралы бастаймын. Неге? Өйткені, айта беріп майы таусылған вордпрес пен друпалдың күші жетпейтін бір жоба үшін осыны таңдап алдым. Иә, иә, олардың фанаттары қабақтарын түйіп...


  • +6