PHP консольда. ПХПның басқа тілдерден қалатын жері жоқ!!!


Шәйнек болған соң осы ғой, бар дүниені енді көріп баладай қуанып жүресің. Тапқан дүниеммен басқа шәйнектермен асыға бөлісейін. PHP-ны жап-жақсы ақ консольда пайдалануға болады екен. Аха, аха, мен енді білдім. Негізі php-ның консольдағы пайдалы функцияларының бірі мынау болатын. Одан да басқа оның талай жақсы қыр сырлары бар екен.

Менің бар осынша сарнап жатқаным php командасының пайдалы кілттері туралы. Ең бірінші кілт ол -a кілті. Ол php-ны интерактивті режимде іске қосады. Егер сіз mysql және python-ның интерактивті режимін көрген болсаңыздар менің не айтып тұрғанымды бірден түсінесіздер. Оны қалай қолданамыз? Міне былай:
$ php -a
Interactive shell

php > echo 5+8;
13
php > function addTwo($n)
php > {
php { return $n + 2;
php { }
php > var_dump(addtwo(2));
int(4)
php >


Ең бастысы бұл интерактивті режимде автоматты түрде сөздерді толықтыру бар. Мысалыға:
php > strp[TAB][TAB]
strpbrk   strpos    strptime
php > strp


Яғни, табты екі рет басқан кезде, php бізге көмектесіп, сөзді бітірудегі мүмкін болатын мәндерді көрсетеді. Әрине тек пхпға қатысы барларын.

Келесі кілт ол "--info" немесе "-i", екеуі синоним. Ол php туралы барлық мәліметті көрсетеді. Мысалы, көпшілігіміз пхп туралы мәліметті көру үшін, мынандай қадамдарды орындаймыз:
1) Келесідей жазу бар пхп файл құрамыз:
<?php

phpinfo();

?>


2) Оны веб серверімізге саламыз
3) Осы файлды браузерден ашамыз және қараймыз

Осы қадамның барлығын:
php --info
командасымен ауыстыруға болады. Бұл команда сол веб бетте көрсетілген мәліметтің барлығын дерлік шығарып береді.

Тағы бір пайдалы кілт "-m" (немесе "--modules"). Модульдер туралы мәлімметтерді шығарып береді. Яғни, қандай модуль бар қайсысы жоқ екенін тексере аламыз, айтайық, xdebug модулін тексермекші болсақ:
php -m | grep xdebug


"-r" ("--run") кілті, бірден берілген кодты орындайды, мысалы:
$ php -r "echo 'Hello';"


Бұдан басқа да команданың көптеген кілттері бар, бірақ маған ең пайдалы және қызық болып көрінген кілт сөздер осы болды. Оларды «man php» бетінен қарай аласыз.

Тағы бір қоса кететіні, php скрипттарды линукста орындалатын файл ретінде көрсетуге болады екен. Ол үшін файлдың басында интерпретаторды көрсетсек жеткілікті, мысалы;
#!/bin/php
<?php
echo "Hello, world"
?>


Осындай кодпен файлды hello.php деген файлға сақтайық. Кейін оған орындалу құқығын бересіз:
chmod +x hello.php

Кейін орындап көреміз:
./hello.php


Консольда «Hello, world» деген сөз пайда болуы керек. Бұл деген сөз php-ны да bash немесе python сияқты пайдалануға болады. Ал назарларыңызға рақмет!!!

  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.