Мақсат Батырқұл: Мықты жастар шетелге кетіп жатыр
- nurzhol
- Жобаларды басқару / 17 ақпан 2018, 22:34
- 1075
Сұхбат демеушісі — еліміздегі ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші компаниялардың бірі BUGIN GROUP компаниясы.
Мақсат Батырқұл — IT саласының маманы, «Кәсіпкер 24» бағдарламасының авторы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының тумасы. Бала күнінен математиканы жақсы көрген Мақсат болашақта үлкен IT компания құруды армандайды. Мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, Қазақ Ұлттық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алады. Бұл күндері Мақсат бірнеше жобалардың жетекшісі, еліміздегі «BUGIN GROUP» ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші компаниясында бағдарламалар әзірлеу бөлімінің басшысы.
─ Мақсат, «Кәсіпкер 24» бағдарламасының авторы екенсіз. Алдымен сол жайында айтып өтсеңіз.
─ «Kәсіпкер 24» бағдарламасы ─ менің авторлық жобам. Оны жасауға үш айдай уақыт кетті. Қазіргі уақытта патент алып жатырмыз. Бағдарламалар әзірлеу бөлімі тек авторлық бағдарламаларды ғана емес, тапсырыспен келетін түрлі компьютерлік бағдарламалар, сайттар, мобильді қосымшалар жасаумен айналысады. «Kәсіпкер 24» бағдарламасы жобасының мақсаты — қазіргі таңда мемлекеттік мекемелерде қолданылып жүрген «Lotus Notes» секілді шетелдік бағдарламалардың орнын басу. Американың IBM компаниясы жасаған бағдарламасына жыл сайын мемлекет тарапынан қыруар қаржы жұмсалады. Екіншіден, төленетін ақы АҚШ валютасымен есептелінеді, бағасы әлдеқайда қымбат. Үшіншіден, қауіпсіздік жағы бар, яғни шетелдік компания өнімі болғандықтан, еліміз жайлы, жеке адамдар жайлы ақпараттар емін-еркін кетіп жатуы мүмкін. Өзімізде жасалған бағдарлама болса, ешқандай ақпарат сыртқа шықпайды. Қазіргі уақытта тест нұсқасын Шымкент, Алматыдағы мемлекеттік мекемелерге орнатып, тексеріп көріп жатырмыз.
─ Бұл бағдарламаның атқарар негізгі жұмысы қандай?
─ Бұл құжат айналымын автоматизациялауға бағытталған. Кез келген мемлекеттік мекемеге барсаңыз, негізгі жұмыс құжаттармен байланысты операциялар орындалады. Мемлекеттік қызметкер осы бағдарлама арқылы жұмыс бабымен келген кез келген Қазақстан азаматы туралы ақпаратты біле алады. Еgov.kz мемлекет қызметтер жән ақпарат онлайн порталымен функциялық жағынан байланысқан. Электронды қолтаңба арқылы қол қою операциясына дейін орындалады. Өте тиімді бағдарлама.
─ Қазақстанда IT саласында мықты мамандар көп пе?
─ Өте көп десек болады. Өкінішке орай, олардың барлығы шетелге кетіп жатыр. АҚШ, Англия, Ресейге, Белоруссияға, Украинада біраз IT мамандары жүр. Бұл қай елде болмасын, өте қажетті мамандар.
─ АҚШ-қа, Еуропаға кету — қалыпты жағдай. Әсіресе АҚШ-қа қоныс аударуды екінің бірі армандайды. Белоруссияға, Украинаға кетуді қалай түсінеміз?
─ ТМД мемлекеттерінің ішінде IT саласы қарқынды дамып жатқан үш мемлекет бар, олар ─ Ресей, Украина, Белоруссия. Әсіресе Белоруссияда IT саласы мемлекет тарапынан үлкен қолдау тауып отыр. Бізде «Алатау парк» құрылғанын естіген шығарсыз. Алайда ол дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ. Белоруссияда «Парк высоких технологий» (ПВТ) деген бар. Бізде тек қазақстандық компаниялар ғана болса, олар шетелдік компанияларға есіктерін ашып тастаған. Салықтан босатылған. Ең бастысы IT қызметкерлері арасында комьюнити бар. Қараша айында Белоруссияға барып қайттым. Жобаларына жан бітіріп жатқан 4-5 қазақ жігітін көрдім. Бізде IТ-мен айналысатын кәсіпкерлер де Белоруссияға барып жұмыс істейді екен. Салық және мемлекет қоятын міндеттемелер кәсіпкерлер үшін өте тиімді дейді.
─ Нәтижесі қандай?
─ Нәтижесі жақсы. «World of Tanks», «Viber», «msqrd» секілді бағдарламалар іске қосылды. Қазақстанда үлкен компания құрсам деген арманым болды. Тіпті әлемге әйгілі компания құрғым келді. Шетелге кетіп жатқан жігіттерді алып қалып, өзіміздің компанияда жұмыс істесе деген ойым болды. Украинаның табиғи қазба байлық жоқ. «Epam», «Luxsoft», «Terrasoft», «Netpeak», «Gameloft Genesis» секілді ірі IT компаниялары мемлекеттік тапсырыстардың барлығын өздері жүзеге асырады. Ал бізде шетелдік компанияларға артып қойған. Мысалы, Қазақстан нарығында Украинаның компаниялары жүр. Олар өз мемлекетінің бюджетіне қомақты қаржы, кіріс әкеліп отыр. Қазір Еуропадан тапсырыс алады. Себебі салыстырмалы түрде жұмыс күші арзан.
─ Қазақстандағы IT саласында жүрген мамандардан кімдерді үлгі тұтасың?
─ Қазақстанда нақты бір адамды қадап айта алмайды екенмін. Ұқсап бағуға тырысатын «Ibek Systems», «Realsoft», «Chockolife», «Aviata», «Колесе Крыша» секілді ірі компаниялары бар. qsoft компаниясының жетекшісі Михаил Токовининді, Павел Дуров секілді ресейлік азаматтарды үлгі тұтуға болады. Қазақстанда болашақ IT мамандарын оқытуда өз үлесін қосып жүрген Арман Сүлейменовты атауға болады. Aviata.kz-тен Алексей Ли, Сhocolife-тен Рамиль Мухоряпов, Kolesa-дан Николай Бабешкин деген азаматтарды да айта кеткен жөн. Бұлар Қазақстанда өз саласы бойынша табысты еңбек етіп жатқан азаматтар.
─ Өзіңіз мақтап отырған Украина Ресеймен болған соғыс жағдайында ақпараттық соғыста жеңіліп қалды. Оны сол елдің мықты журналистері де мойындайды. Қаншалықты кибершабуылдардың болғаны бізге беймәлім. Ал Қазақстан сырттан келетін кибершабуылдарға қаншалықты қауқарлы? Білуімізше, өзіміздің антивирус бағдарламамыз жоқ-ау, сірә.
─ Бар.
─ Қандай?
─ «qalqan» деген антивирус бағдарламасы бар. Бізде «soft» жазатын мамандар болғанымен, насихаттау жағы кемшін болып тұр. Мемлекеттік мекемелер қолданады.
─ Жыл сайын елімізде Интернет форумдар өтіп жатады. Жыл сайын бір адамды ғана көреміз. Көп жағдайда IT-блогерлер жүреді. Бәлкім, осындай форумдарға қатысып, өнімдерін көрсету керек шығар. Форумда жасалған баяндамалардан кибершабуылдарға қауқарсыз екенімізді байқаймыз. Кез келген үйде тұрған компьютер кибершабуылдарға қарсы тұра алмайды екен. Кибершабуыл болған жағдайда Қазақстанды елестетіп көріңізші.
─ Сұрағыңыз өте орынды. Біз де алаңдаушылық танытамыз. Қандай жағдай болмасын, еліміздің, халқымыздың қауіпсіздігі бірінші орында. Қазақстанда «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» құрылған. Кибер қылмысты алдын алу және талдау, ақпараттық қауіпсіздік инфоқұрылымын дамытуға шұғыл әрекет ету бойынша жұмыс істейді. Мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді. Жалпы ақпараттық қауіпсіздік тек IT саласында ғана емес, кез келген мекемеде бар. Қазір барлығы интернетке қосылған. Кез келген жүйенің әлсіз жағын пайдаланып, қажетті құжаттарды ұрлау, құпия деректерді жариялау, адамдардың жеке бас өміріне қол сұғу, ішкі және сыртқы қауіп қатерге жол ашады.
─ Сұхбат бергеніңізге рақмет!
Сұхбаттасқан — Бауыржан Карипов
http://kazakhstanzaman.kz/new/2018/02/05/мақсат-батырқұл-мықты-жастар-шетелге/

-
0