Алдым, Салдым, Істеп тұр немесе ubuntu-дағы 4G

Өңірлерге Алтелдің 4G-і келіп, опан-топан қылып жарнамалап жатырғанын бәріңіз де білесіздер. Содан поштама хат келді jet3g модемді 4g модемге ауыстырып береміздеген мәтінде.
Үйдегі убунту серверге әкеліп қосып, интерфейсіне адресті DHCPдан ал дедім бар болғаны, істеп тұр.
Қысқаша былай болатын болар, алдымен всетаки usb-modemswitch отырғазамыз. Себебі бұл модем де виртуалды CDROM болып қосылады екен, ал бізге модем керек.
sudo apt-get install usb-modeswitch

енді интерфейске (менде eth2, сендерде басқа болуы мүмкін) dhcpдан адрес алып беру керек
sudo dhclient eth2

Әрбір сервер перезагрузкадан шыққан сайын (Свет өшіп қалуы мүмкін, біздің ауыл солай ал) қайта қайта адрес беріп, зайып ал болмау үшін /etc/network/interfaces деген файлға
auto eth2
iface eth2 inet dhcp
дегенді қосып қоямыз.
Осымен болды.
Ия, интернетті тарату үшін iptablesке де өзгеріс енді төменге қарапайым конфигін сала салайын.

#! /bin/sh

iptables --flush
iptables --delete-chain
iptables --table nat --flush
iptables --table filter --flush
iptables --table nat --delete-chain
iptables --table filter --delete-chain

iptables -P FORWARD ACCEPT
echo 1 > /proc/sys/net/ipv4/ip_forward

iptables -t nat -A POSTROUTING -o eth2 -j MASQUERADE

оны мен /home/iptab деп сақтай салдым, және оны да автоматты қосылатын қылдық.
sudo nano /etc/network/interfaces
файлын ашып, төменгідей жолды енгіземіз
post-up sh /home/iptab


Осымен болды, көпшілігін өткенде 3g модем орнатқанда (мына жерде) ісегендіктен пашти дым істеген жоқпын.

  • +2
5 пікір
cray
1) eth2 — бұл сіздің жағдайыңыз үшін жарамды ғана, соны ескертіп кетсеңіз.
2) баптаулар файлдары /etc ішінде сақтау керек. /home ол үшін жарамайды.
Дебианда /etc/default/iptables деген файлы жоқ па не?
dekan
(менде eth2, сендерде басқа болуы мүмкін)
деп жазып кеткен болатынмын. сосын бәрі менің жағдаймда жазылған, шыны керек еріншек халықпыз ғой, былай былай деп басқа каталогта тұрған секілді жаза салуға еріндім, сіздерде әлбетте басқаша болуы мүмкін
cray
Шынымен де, байқамай қалдым.
cray
Қызық үшін роутерге Линукстың орнына OpenBSD орнатып көр
dekan
Шыны керек простой шлюз ғой, жай маскарадинг. Кезінде джет алғанда вайфай роутер алуға ақшамды қимай, үйдегі бар темір терсектен құралған жүйе ғой. Енді 4G. Оның үстіне қажетіме қарай эксперимент стей беремін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.