Github Pages және Jekyll пайдаланып блог жасау

Жақында мен өз блогымды Wordpress-тен Jekyll-ге ауыстырдым. Jekyll ол статикалық сайттар генераторы. Jekyll арнайы қарапайым сайттарды жасау үшін жасалған. Оның көмегімен жасалған сайттарды кейін Github Pages-ке салуға болады. Jekyll-де мақалалар жазу және бет әлпетін өзгерту өте қарапайым. Бірақ сайтты баптау үшін мен ойлғананнан көбірек уақыт кетті.

Бұл мақалада біз келесі мәселелерді қарастырамыз:

— Jekyll-де қалай блогты тезірек іске қосуға болады;
— Jekyll-мен жұмыс кезінде қандай қателіктердің алдын алуға болады;
— Wordpress-тен материалдарды қалай ауыстыруға болады;
— Liquid пайдалана отырып сайт түрін қалай өзгертуге болады;
— Jekyll 2.0 нұсқасында пайда болған жаңа функциаларды қарастыру (Sass, CoffeeScript).

Jekyll мақсаты

Том Престон-Вернер (Tom Preston-Werner) jekyll-ді блогты қарапайым, статикалық html сайт арқылы жүргізу үшін жазған. Сайт файлдарының барлығы github-та сақталады. Бұл өз кезегінде нұсқалар өзгеруіне бақылау жүргізуге көмектеседі. Негізгі мақсат, басқа блог-платформаларда байқалатын қиындықтарды жоққа шығару және шынайы хакер секілді блог жазу болатын.



Jekyll markdown тілінде жазылған мәтіндерді алады да дайын html статикалық сайт жасап береді. Егер Github Pages пайдаланатын болсаңыз, ол өздігінен сайтты генерация жасай алады, демек хостинг ашудың қажеті жоқ.

Jekyll көмегімен жасалған сайттар мысалдары:


Статик сайттардың артықшылықтары

  • Қарапайымдылық
    Jekyll барлық күрделі заттарды алып тастап:

    • Ешқандай деректер қоры жоқ

      Wordpress және оған ұқсас блогплатформаларға қарағанда Jekyll ешқандай деректер қорын пайдаланбайды
      Барлық беттер жарияланудан алдын html беттерге ауыстырылады. Бұл тез жүктелу жағынан өте жақсы, өйткені
      ешқандай деректер қорына байланыс орнатылмайды.
    • Ешқандай CMS
      Сіз тек Markdown тілінде мақалалар жазасыз, ал Jekyll оны алып, керекті шаблондарды қолданып статикалық
      сайтты генерация жасайды. Егер қажет болса Github CMS рөлін атқара алады, яғни, github сайтынан
      файлдарды тікелей өңдеу мүмкіндіктері бар.
    • Өте жылдам
      Jekyll өте жылдам, өйткені онда ешқандай деректер қорына байланыс жүргізілмейді. Ол тек статикалық
      сайтты жинайды болды. Менің негізгі шаблоным Jekyll Now
      сайтқа үш қана HTTP сұраныс жасайды (суреттер, иконкалар, әлеуметтік желілер иконкалары бәрін қосқанда).
    • Қарапайым
      Jekyll-да жазылған сайттарда сіз пайдаланбайтын, қажет емес функционалдар жоқ.

  • Көрсетілімді баптай алу
    Мұнда сіз басқа пайдаланушылар жазған шаблондарды пайдалана аласыз немесе өз шаблоныңызды да баптай аласыз.
    Ол көп уақытты қажет етпейді.
  • Қауіпсіздік
    Wordpress секілді басқа да блог-платформаларда бар қауіпсіздік ақаулары Jekyll-де жасалған сайттарда мүлдем жоқ.
    Өйткені онда біріншіден деректер қоры жоқ (жоғарыда айтылғандай) және PHP секілді бағдарламалау тілдері пайдаланылмайды.
    Сондықтан сізге қауіпсіздік ақауын жабу үшін әрқашан сайтты жаңартып отырудың қажеті жоқ.
  • Ыңғайлы хостинг
    Егер сіз Github пайдаланушы болсаңыз, сізде хостинг бар деп есептей беріңіз. Github Pages сайтты тегін генерит етіп береді.


Сөзден іске

Jekyll-ді бірнеше жол арқылы үйренуге болады. Әрқайсысының өз ерекшеліктері бар:
  • Jekyll-ді өз компьютеріңізге орнатып, jekyll new арқылы жаңа сайт құру, жинау jekyll build және хостингке салу
  • Дайын жасалған сайтты клондап, өз компьютеріңізде өзгертіп хостингке салу
  • Дайын жасалған сайтты форктау, өзгерту және хостингке салу

Біз ең қарапайым және жылдам әдісті таңдаймыз. Яғни, форк жасау. Ол бізге бірнеше минутта нәтиже алуға мүмкіндік береді
және әр түрлі қосымша бағдарлама орнатып жүрудің қажеті жоқ. Біз қазір Github.com сайтында келесі әрекеттерді орындаймыз:
  • Jekyll-ді пайдаланып сайтты құрамыз
  • Оны Github Pages-ке саламыз
  • Сайтта біздің аватарымыз, әлеуметтік желілерімізге сілтемелеріміз болатындай етіп баптаймыз
  • Алғашқы мақаламызды жариялаймыз!


1. Дайын сайтты форк жасаймыз


Жұмысты репозиторийді форктаудан бастаймыз. Жоғарыда айтылғандай бұл ең оңай және жылдам әдіс.

Мен сіздерге арнайы бастапқы репозиторийді жасап қойдым. Jekyll Now
сілтемесін ашып Fork батырмасын басамыз.



2. Сайтты өзіңіздің Github аккаунтыңызға салу


Github пайдаланушысы ретінде сіз yourusername.github.io адресінде сайт жасай аласыз (статикалық html сайттар, әрине).
Jekyll-де жасалған сайттар үшін жақсы жер.

Мұндағы ең тамаша нәрсе, сіз өз мақалаларыңызды master тармағында жариялайсыз, ал github өзі мақалаларды алып
html сайтты генерация жасап отырады. Сіз ешқандай басқа жинау туралы бас қатырмайсыз.

Форк жасаған соң, оң жақтағы менюдан «Settings» деген батырманы шертіңіз және репозиторий атын yourusername.github.io
деп өзгертіңіз. Тек yourusername орнына github сайтындағы логиніңізді жазуыңыз қажет.

Осы әрекеттен соң сайтқа кіріп көруге болады yourusername.github.io. Егер әлі ашылмай жатса, қорқынышты ештеңе жоқ, ол github әлі сайтты жинап үлгермеді дегенді білдіреді.



3. Сайтты баптаймыз


Енді сайттың атын, авторын, аватарын баптау керек. Оның барлығы _config.yml файлында жасалады. Бұл жалпы баптаулар осы файлға
шығарып қойылған, сайт жиналу кезінде параметрлер осы файлдан алынатын болады. Файл өзгертілген соң github автоматты түрде сайтты қайта
жинайды, өзгерістерді 2-қадамда көрсетілген адрестен қарай аласыз.



4. Алғашқы мақаланы жариялаймыз


Енді сайт мақала жазуға да дайын. Алғашқы мақаламызды жазамыз:
1. /_posts/2014-3-3-Hello-World.md файлын өңдеп қалаған мақалаңызды жазыңыз, Markdown қолданылатын ескеріңіз
2. файлдың атын, мақала жазылған күн мен мақала атынан тұратындай етіп өзгертіңіз: year-month-day-title.md

Мұндай файлды гитхабтың өзінде де құруға болады.


Файлды сақтаған соң оны сайтыңызда көре аласыз.

Сілтеме.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.