Дүние жүзін жаулап алған WhatsApp
- gmyrzamuratov
- Сұхбат, Қызықты адамдармен кездесу / 19 қараша 2018, 13:18
- 1016
Жан Коум мен Брайан Актон жарнаманы жек көреді. Екеуіде Yahoo компаниясында жұмыс істеген.
2009 жылы дүние жүзін жаулап алмақшы болып, кроссплатформалық месенджер жасауды қолға алады.
Үш жыл өте келе олар Твиттерден де үлкен компанияға айналады. Ал бес жыл өте салысымен Facebook оларды таңқаларлық 19 млрд долларға сатып алады. Whatsapp-тың CEO-сы Жан Коум 2013 жылыдың ішінде айына 200млн адам кіретін мессенджердің бір айлық аудиториясын 450млн-ға жеткізген. Бұл дегеніміз тарихтағы ең тез өскен компания. Мысал ретінде Facebook-ты келтірейін, Facebook бес жыл өте салысымен не бары 145млн аудитория жинаған.
2014 жылдың Қантар айларында мессенджердің қолданушылары күніне 50млрд хат жазатын болған. Бұл дегеніміз дүние жүзінде жіберілетін SMSтерден әлде қайда жоғары.
WhatsApp-тың басқа мессенджерлерден қандай айырмашылығы болды? Ол кезде мессенджер бағдарламаның ішінде ешқандай жарнама көрсетпеген, ешқандай тауар сатып алуға итермелемеген. Мессенджер iPhone қолданушыларына арналып жасалған болатын. Мессенджер басында орнату үшін 0,99$ төлеу керек болды, бірақ шексіз хат жіберуге мүмкіндік берілді. Бірақ кейін уақыт өте келе олар бизнес-моделін ауыстырып, 2013 жылы 0,99$ жылына алатын болды. Бір қызығы, Android қолданушыларына бағдарламаны шығарған кезде, қолданушылар ақша төлегісі келмейтінін байқап, android-нұсқасын тегін таратуға көшкен. Бірақ, осының өзінде компания жылына жүздеген миллион доллар табыс табатын болған.
Ең қызығы, осындай алып компанияда не бәрі 50 адам жұмыс істейді.
Facebook компаниясы Google компаниясымен тай-талас кезінде ұтып кетіп, WhatsApp компаниясын 2014-тің қаңтар айында 19млрд долларға сатып алады. Сатып алу кезінде, ол сома Facebook-тың нарықтағы құнының 10% болған. Ал әлгі екі жігіттің жастары қырықтан асып кеткен.
WhatsApp-тың адамдарға тигізген ықпалы соншалық, адамдар онымен қолдану үшін ғана смартфондарды сатып ала бастаған. Кей мобильді байланыс операторлары болса, өздерінің тарифтік жоспарларына "WhatsApp"-қа кететін интернет трафигі тегін" деген ұсыныс қосқан.

-
0