$14 мыңдық телефон атақ-дәреженің белгісі ма, әлде ерекше адамдарға қажет құрал ма?

The Steppe’нің жаңа авторы Ерлан Тажибаевтың маңдайына Кеңес Рақышевтің компаниясы жасаған әлемдегі ең қымбат телефонды алғашқылардың бірі болып ұстап көру жазылыпты. Қазақстандық бизнесмен мен оның ерекше туындысы туралы ол не ойлайды — дәл қазір оқыңыз.

Бұл жазбаны Ерлан деген досымның рұқсатымен Codeo аудиториясына таныстыруға рұқсат етіңіздер)

Бірінші әсер

Салмағы ауырлау қорап салынған, қызық ентаңбасы бар пакетті қолыма алған кездегі басыма бірінші келген нәрсе – өте қымбат және сапалы жасалған-ау. Алғашқы әсер солай болуы керек, таңқалатын нәрсе емес. Орташа «В» санатты автокөліктің құнымен бірдей телефон сатып алған кезден бастап осындай телефонның иесі болғаның үшін таңқалу мен қуаныш сыйлауы керек.

Телефонды қорабынан алған кездегі әсер – бұл әлемдегі ең ауқаттылар мен технологиялық мүмкіндіктері көп, тіпті біз ойлағаннан да мүмкіндігі жоғары адамдардың әлемінің таныстырылымы сияқты. Бұл телефонды алысымен сіз сыртқы әлеммен байланыстыратын электронды құрылғының ішіндегі жеке өміріңіздің қауіпсіздігіне мүмкіндік аласыз.

Телефонды арнайы қораптан шығарған соң, ерекше сезім пайда болады. Мүмкін сіз оны бұрын да сезінген шығарсыз. Мысалы: немістің қымбат бағалы көлігіне отырғанда немесе ең үздік швейцариялық сағатты тағып көргенде. Мүмкін ол сезім үш мишлендік жұлдызшалы мейрамханадан бұрын-соңды көрмеген тамақты ішкенде. Бұл сезімді басқа еш нәрсемен шатастыруға болмайды. Басты белгілері — сапа, сән-салтанатқа толы, әрбір бөлшегі дейін мұқият түрде адамның пайдалануы үшін адамдар жасаған ең бағалы материалдардан құралған.

Solarin бір қарағанда Vertu Aster сияқты әсер береді. Сыртқы түрі, операциялық жүйесі, көлемі бірдей. Бірақ, концепциясы түбегейлі басқа.

Қолданылған материалдардың сапасы ең тәжірибелі эстеттердің өзін таңқалдырады. Менің қолыма титан жабыстырмалары бар, артқы беті карбонан жасалған телефон тиді. Экран кескіндемесі 2K, Corning Gorilla Glass 4 қолданылғандықтан экрандағы көріністі көзге бірден жарқ еткізеді (бұған ешкімнің күмәні жоқ). Баспасөз релизінде айтылған белгілеріне қарасақ менің қолыма ең арзаны ($14 түрлері ең арзаны) түскен. Бұдан бөлек алмаспен көмкерілген DLC (Diamond Like Coating), алтын жалатылған түрлері бар. Ең қымбат үлгісінің бағасы $17 тұрады. Бәрі араб шейхтарының талғам дәстүрлеріне сай жасалған.

Телефон алғашында дәрежесі жоғары акссесуар сияқты көрінеді. Алайда жақын таныса келе білгенім оның миссиясының сатып алған адамның имиджін көтеруге ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Оның басты қызметі – қауіпсіздік пен privacy'ге айырықша құқық.

Техникалық басымдылығы

Иә. Бұл қате сөз емес. Техникалық мінездеме туралы емес, техникалық басымдылығы туралы айтсақ деймін. Тек осы сөз ғана телефонның техникалық мүмкіндіктеріне лайық. Оның техникалық деректерінің ерекшелігі соншалық, оны басқа коммуникация құралдарынан басым деп айтуға әбден лайық. Телефон Hi-End’тің ең жақсы дәстүрлеріне сай жасалған. Solarin’де бар үлкен экран, жылдам процессор, су, шаң өткізбеушілікпен қазір ешкімді таңқалдыра алмайсың. Бірақ, басқа аппараттармен салыстырғанда мұнда бірнеше динамик пен шағын буферден (мұны бас артқы панелді соққылай бастағанда сезінесің) берілетін дауыстың сапасы жаныңды жадыратады. Бұл телефондағы дауыстың жақсылығы соншалық тіпті заманауи теледидарлардың өзі оның дыбысына ілесе алмай қалатын сияқты. YouTube’тан кезекті блокбастердің трейлерін ашып қалған сәтте-ақ, Solarin’нің сіздің айналаңыздағы кинозалына топ ете қалғандай боласыз. Экрандағы көріністерді сапалы дауыс өте әсерлі ете түседі.

Телефон корпусына әдемі үйлесіп тұрған 24 мегапикселдік камераның сыртқы келбеті адам көзіне ұқсайды. Телефонның дизайнын Карим Рашид жасаған. Оның нәзік талғамы барлық бөлшектерінен анық байқалады. Камераның жанында телефондағы фотоқосымшаның сапалы жұмысын қамтамасыз ететін лазерлік автофокустың «ұяшығы» орналасқан. Фотосуреттердің сапасы таңқалдырады. Телефонда фотоға түсіретін революциялық технология орналасқан деуге болмас, бірақ, мұны қазіргі телефондардың ішіндегі ең мықты технологиялық шешім деуге болады. Solarin’ді жасаушылар өз клиенттеріне ұялы суреттер саласындағы ең соңғы мүмкіндіктерді ұсынған. Сапалы селфи мен өзіңізді жақсы көру сезіміңізді барынша сапалы қанағаттандыру үшін 8 мегапикселдік камера дайын тұр.

Белгілі өндірістік дизайнер. 2500-ден астам өндірісті іске қосқан, оның ішінде жиһаз дизайны, ыдыс, сәнді аксессуарлар, қаптамалар, фурнитура, жарық беруші құралдар, интерьер, инсталляция және тағы басқа архитектуралық жобалары бар. Карим Рашид

Сондай-ақ, смартфонда «телефондық көңіл-күй» саласындағы ең соңғы шешімдер қолданылған. Жылдам қуаттау, мәліметтерді жеткізуде Wi-Fi'дан он есе жылдам WiGig жаңа стандарты, USB-C жалғағышы, 4040 мАч аккумуляторлық батарея (iPhone 6S’те мысалы напрбар болғаны 1715 мАч), NFC мәліметтерді байланыссыз беру технологиясы, Adreno 430 қуатты графикалық процессоры және сезімталдығы жоғары саусақ сканері. Телефонға қайта жасалған деуге болатындай, кем-кетігі қайта толықтырылған Security Shield (телефонды ерекше қылып тұрған осы жүйе) сақтандыру жүйесі бар Android 5.1.1. Lollipop (Android 6.0 инженерлер толық қауіпсіз емес деп тапқан) операциялық жүйесі қондырылған.

Осы бір жағымды және қызық технологиялық жаңашылдықтар телефонның қымбат болуының басты себебі емес. Онда неге Solarin’ді жасаушылар олардың туындылары жаңа Hyundai Elantra-ның құнына сатылады деп ойлайды? Жауап біреу-ақ: телефонның қайталанбайтын және баламасыз технологиялық ерекшелігінде.

Қауіпсіздік

Sirin Labs'тың Solarin смартоны бүгінде бар ақпарттық деректерді сақтаудың ең берік, ең дамыған түрімен жабдықталған. Телефонның қауіпсіздік бойынша серіктестері KoolSpan мен Zimperium компаниялары. Нарықта мәліметтерді сақтауда дәл мұндай ерекше сенімділік ұсынатын бірде бір смартфон жоқ. Мұндағы бар сенімділікті мәліметтерді шифрлап тасымалдаушы AES-256 технологиясы ұсынады. Шифрлаудың бұл стандарты бүгінге дейін үкіметтік арнайы қызмет пен әскери барлауға ғана қолжетімді болып келген (шын мәнінде олар ғана емес).

Ресми:

AES шифрлау стандарты (Advanced Encryption Standard) қазіргі кезде ең жиі қолданылатын және ең қауіпсіз, қолжетімді алгоритмердің бірі. Негізгі істерінен бөлек криптосараптаумен айналысатын АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA), бұл алгоритмді «Аса құпия» деңгейінде деп санайды. Мысал үшін айтсақ: заманауи компьютерге 126-биттік AES-кілтті таңдауға кететін уақыт жердің жасын анықтауға кететін уақыттан айтарлықтай ұзақ болар еді. Ал Solarin смартфонында 256-биттік кілт қолданылады. Қазіргі кезде AES шифрларын бұзуға мүмкіндігі жететін табысты тәсілдер жоқ. Өзінің осындай ерекше икемділігі мен қауіпсіздігіне қарай AES ұкіметтік ұйымдар мен банктер және басқа да қауіпсіздіктің жоғары деңгейін талап ететін әлемдік жүйелердегі ең танымал алгоритм болып отыр. Енді барлық әлемдік әскери ақпараттық қауіпсіздік пен көпқабатты криптографиялық тиімділік сіздің алақаныңыздағы құрылғының ішінде жатыр. Меніңше бұл тамаша нәрсе ғана емес, ең мықты маркетингтік қадам. Байланыстың Solarin смартфоны сияқты қауіпсіз түрін табу қиын. Бұдан гөрі қауіпсіздеу нәрсе – сіздің үндеместігіңіз ғана болуы мүмкін. Әлемнің ең бай адамдарына қауіпсіздікті сату – жер шарындағы ең табысты заңды бизнес.

Мұның барлығы техникалық тұрғыдан тамаша. Енді мұны тұтынушы үшін қалай ыңғайлы, түсінікті қылуға болады? Бұл ретте де Sirin Labs биіктен көрінді. Мәзірде ешқандай қиын қосымшалар мен айла-шарғы жоқ. Sirin Labs инженерлері (команданың 60% қазақстандықтар) бұл технологиялық қызмет үшін қарапайым және өте ыңғайлы интерфейс ұсынған – «дәл қазір бәрін ыңғайлы жасау» нүктесі. Қиын еш нәрсе жоқ. Бір ғана ауыстырғыш тетіктің көмегімен ең соңғы үлгідегі смартфоннан мәліметтерді берудің ең қорғалған алгоритмімен жабдықталған байланысы бар әскери құрылғыға айналдыруға болады. Бұл ауыстырғыш тетік смартфонның арқы бетіндегі камераның астыңғы бөлігінде елеусіз ғана орналаса қалған. Егер сөйлесу қауіпті деп тапсаңыз тетікті «вкл.» (қосу) басып қаласыз да, «әскери» режимге өте шығасыз. Егер байланыс пен арна қорғалмаған болса, байланыс бірден өшеді. Бұл режимде хабарлама жазып, қауіпсіз (шифрланған) байланыс орнатуға болады. Сондай-ақ, «әскери» режимде сізге тек қауіпсіз байланыс арнасы бар абоненттер ғана хабарласа алады. Қауіпсіздігі төмен қоңыраулар автоматты түрде сүзіліп, телефонға қарапайым нөмірлерден қоңырау шалғаны туралы хат келіп тұрады.

Гаджет иесі өзінің мойынан ақпараттық қауіпсіздікке жауапкершілікті алып тастайды, ал смартфон бұзуға, аңдуға мүмкіндік бермейтін ақпараттық қауіпсіздікті сақтаушы құрылғы міндетін өзіне алады. «Әскери» режимде аппарат интерфейсін ықшам түрге өзгертеді және барлық тетіктерді, сыртқы әлемге «сыбырлап қоюы» мүмкін сервистер мен қосымшаларды түгел өшіреді. Бәрі ойластырылған, тамаша. Қол соғуға болады.

Сондай-ақ, Solarin'де «Қауіпсіздік консьержі» қызметі бар. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша тұтас бір бөлім онлайн режимде қауіп-қатерді бақылайды, оларды тауып қана қоймай, өшіреді, смартфонның иесіне бұл туралы хабарлайды. Қауіпсіздігіңіз туралы мүлдем ойлаудың қажеті жоқ – оны Sirin Labs ойластырып қойған.

Неге Solarin – неге мықты?

Sirin Labs'тың туындысы – ерекше қызметі мен мүмкіндіктері бар иамаша технологиялық өнім. Алайда оның барлық супер-пупер мықтылығы өнімнің өзінде емес. Ең жоғары сапа стандарттарымен осындай өнімді жас, жаңа құрылған команданың жасауы – таңқалдыратын нәрсе. Жасаушылар командасы бірден танымал болуы, Solarin смартфонының екі жылдың ішінде жасалу тарихы шынымен жетістік.

Команда

Жобаның басты идеялық дем берушісі –Кеңес Рақышев. Қазақстандық бизнесмен стартапқа израильдік венчурлік инвестор Моше Хогег, McKinsey’дің бұрынғы кеңесшісі Тал Коэн және қытайлық RenRen компаниясымен бірге $72 млн инвестиция салған. Олар талайлар армандайтын команда құрып, осы жобаны жүзеге асуына мүмкіндік жасады.

Sirin Labs’тың әзірлеушілер командасына кбиер-технология саласының сарапшысы Рами Эфрати да кіреді. Бұрын израильдің кибер-қауіпсіздік жөніндегі бюросының азаматтық өнімдер жасау бөлімінің жетекшісі және отыз жылға жуық израильдің әскери барлау қызметінің жетекшісі (бірақ бәріміз білетіндей бұрынғы барлаушы болмайды).

Корпоративтік аңызға сүйенсек, бұл жоба 2013 жылы, Кеңес Рақышев Мошеден «Неге менің талаптарыма сай телефон таппаймын» деп сұраған кезден басталған. Бұл мәселені ұзақ талқылаудан кейін Кеңес, Тал, Моше Кеңес айтқан талаптарға сай девайс жасайтын компания құруға кіріседі, 2013 жылдың желтоқсанында Sirin Labs құрылады.

Бастапқыда бұл Тель-Авивте оншақты инженерден құралған шағын кеңсе болады. Команданың бастапқы кездегі мақсаты болашақ смартфонның нобайын жасау болды. Олар мұны жүзеге асыру үшін Тайваннен Сан-Диегоға дейін бөлшек шығарушылардың барлығына жуық аралап шығады. Ең сапалы бөлшекпен қамтамасыз ете алатын вендор іздейді.

2014 жылдың мамыр айында командаға Sony Ericson-дағы ұялы технологиялар саласындағы ең үздік мамандардың бірі Фредрик Ойер келіп қосылады. Оның ұялы құрылғылар жасау саласындағы он бес жылдық тәжірибесі бұл концептке тәжірибелік тұрғыда серпіліс беруі қажет еді.

Ары қарай стартап адам сенгісіз дәрежеде дами бастайды. Жұмыс тобына Apple'ден Звика Ландау, Жоан Лапорта (Барселона ФК бұрынғы президенті, Консультациялық кеңесті басқарады), кейінірек Hermes International’дан Патрик Албаладежо, тура сол кезде Ұлыбританияда McLaren Automotive и Rolls-Royce Motor Cars Ltd.жобаларын табысты дамытқан Жиль Клейтон-Джонс да шақырылады. Соңғысының міндеті – UK нарығында сату арнасы мен маркетингтік стратегия қалыптастыру болады. Ұлыбритания нарығы болашақтағы сатылымдардың ең негізгі ортасы ретінде таңдалады, сондықтан басты оған басты ставка қойылады.

Толассыз жұмыстың нәтижесінде 2015 жылдың қыркүйегінде бірінші нұсқа жарыққа шығады. Команданы толытқан сәт — компанияның зерттеу және жасау жөніндегі вице-президенті Рафи Хэсс өз қолындағы құрылғыдан CEO Моше Хогенге қоңырау шалғаны болды. Solarin смартфоны ресми түрде өмір сүре бастайды. Идеядан толыққанды өндіріске дейінгі бас айналдыратын жылдамдықтағы жолды стартап үш жылда өтеді.

Solarin адамдарға не үшін керек?

$14 мың – телефон үшін айтарлықтай қомақты сома. Тіпті әлемдегі ең үздік, заманауи телефон болса да, бәрібір соншалық қымбат тұрмауы керек. Адамдар тіпті рубинтік нүктесі жоқ девайс үшін сонша ақшаны не үшін төлеуі керек? Бәрі қарапайым. Қазір біздің балық өміріміз телефонмен тығыз байланысты. Қаражатымыз, әскери хаттарымыз, ары-бері жүргенімізді көрсететін геомәліметтер, жақындарымыздың фотосуреттері, барлық әлеуметтік желідегі белсенділігіміз, іздеген ақпараттарымыз біздің мәліметтеріміз бәрі телефонға байлаулы. Ешкім мұның қауіпсіз екеніне кепілдік те бермейді. Телефонды YouTube’гі бірнеше ролик пен интернеттің түкпіріндегі бірнеше мақаланың көмегімен бұза салу қиын емес. Мүмкін, сіздің телефондағы ақпарат ешкімге керек болмауы мүмкін. Егер керек болса ше?

Мұндай жоғары бағаны сіз Solarin’нен алатын қауіпсіздік үшін төлеуге болады. Әрине, бұл ультрателефон бәріне бірдей керек емес. Бізге, қарапайым өлімдіге әдеттегі iPhone/Samsung жеткілікті. Ал, шынымен танымал адамдарға ше? Дәл осы жерде сұрақ: Solarin өзіне берілген міндеттерді орындай ала ма? Мұны тексеру оңай. Күллі әлемге ең қауіпсіз телефон жасап шығардым деп мәлімдеген сәтте-ақ оның басқа қырын дәлелдеуге дайын мыңдаған адам табылары сөзсіз. Тек кішкене ғана күту керек. Solarin’ді шынымен бұзса, бұл туралы бар жаһанға сөзсіз жар салады. Бұл бәріміз үшін қызық. Бұза ала ма?

Моральдық сұрақ

Бір жағынан көптеген сыншылар мен сарапшылар тағы бір қызықты сұрақпен бас қатыруда: мәліметтерді сақтаудың тамаша жүйесімен жабдықталған бұл смартфон жаман мақсаттарға пайдаланылмай ма? Мысалы, қылмыстық топтар, наркобарондар тіпті террористер… Мүмкін осы телефонмен ертең жемқорлық келісімдер, офшорға капитал шығару, жаңа 9/11 талқыланатын шығар? Бұл қатерлерді қалай байқауға және телефонның зұлымдық әрекеттерге пайдаланылмайтынына кепілдік беруге болады?

Sirin Labs компаниясы бұл қатерлерді бақылауға уәде береді. Сондай-ақ бұл қызметтің ережесі мен авторизациялау регламенті қарастырылған. Оған сатып алушының төлқұжат мәліметтері қосылады. Әрине, әлемде қарапайым смартфон қолданушының мұндай ерекше мүмкіндіктері болмағандықтан, мұндай жағдаймен бетпе-бет келген жоқ, сондықтан кейбір мәселелердің басы ашық, әрі толық шешімі жоқ.

Қазақтың қолтаңбасы

Бұл оқиғалардың барлығына қарамастан менің бұл мәселеге көзқарасым өзгеше. Solarin атты ұялы құрылғының қандай коммерциялық нәтижесі боларына қарамастан, осының барлығының қазақстандық бизнесменнің ақшасына жасалғанына, әлемдік ақпарат агенттіктерінің жаңалықтарының «Бизнестегі инновация» айдарында жиі жазылатынына қуаныштымын.

Кеңес Рақышев заманауи Қазақстанның жаңа тарихында тамаша туындылар жасауда және оның өнімдері ашық және жарқын арманнан ерекше өнер туындысына, шимайлардан нақты картинаға айналғандай көрініс береді. Бұл оқиғадағы қазақтың қолтаңбасы менің бойымда мақтаныш пен толқыныс сезімін тудырады. Ал, Кеңес Рақышев болашақта Қазақстанның ұлт ретіндегі бейнесін өзгерте алатын визионер бола ала ма, меніңше мұны уақыт көрсетеді.


Дереккөз: https://the-steppe.com/news/mneniya/2016-06-29/solarin-kz

  • 0
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.