Онлайн оқып-үйренуге арналған дерек көздер

Қазіргі кезде білімді онлайн алу ешқандай қиындық туғызбайды. Ақшалай курстарға қатыспай-ақ қажетті деректерді интернеттен табуға болады. Әсіресе бұл жағдай бағдарламау жағынан өте тиімді. Бұл бағытта өте көптеген форумдар, блогтар, мақалалар, кітаптар т.б. бар. Егер тілден қиындық болмаса оқу жағынан қиындық тумайды. Өзім edx, coursera секілді ресурстардың тұрақты пайдаланушысымын, бірақ бүгін интернетте ары-бері секіріп жүріп тағы бір ресурс тауып алдым. Осы ресурс бұл мақаланы жазуға негіз болды.

Hexlet

Бұл мен айтып отырған ресурс. Хекслет — бұл еркін онлайн-университет. Онда бағдарламалау жайлы және тағы басқа пәндер туралы курстар бар. Ең бастысы барлығы тегін. Бұл ресурстың философиясы да жағымды. Хекслет манифестін қазақшаға аударуға өзімде батылдық таба алдым:
Манифест
Банктер, саясат, дін, ақша ешқайсысы қажетті мәселелерді шешіп өмірді жақсартуға қауқарсыз. Крандағы су, жылы үйдегі кран, интернет және қорқынышты ауруларға қарсы дәрі-дәрмектер — барлығы ғалымдар мен инженерлер еңбектерінің жемісі. Білім — адамзат цивилизациясының негізі, сондықтан, білім тегін және қолжетімді болуы қажет.

Бұл ресурсты жерлесіміз Рахим Давлеткалиев ашқан екен

Coursera

Қазіргі кездегі ең танымал ресурс. Онда математика, тарих, экономикадан бастап биологияға дейінгі тақырыпта курстар табуға болады. Ең бастысы тек қана біртілді емес, кейде орыс тілді де курстар кездесіп тұрады. Барлық курстарды тегін қарауға болады, егер арнайы сертификат алғыңыз келсе ақша төлейсіз.

EdX

Әр түрлі бағыттағы курстар жинағы.

Codecademy

Негізінен веб технологияларға бағытталған. Ең басты артықлышылығы интерактивтілігінде, яғни, сайттан ешқайда кетпей кодтарды жазуға және тексеруге болады. Қазірде негізінен html, css, javascript, python, ruby, php, jquery бойынша курстар бар. Егер веб бағдарламалаумен енді танысып бастап жатсаңыз, осы ресурстан бастаған дұрыс.

Khan Academy

Khan Academy тек бағдарламалау бойынша емес, басқа көптеген салалар бойынша курстары бар ресурс. Мысалыға: математика (әр түрлі бағыттар), ғылым, экономика және т.б.

Udemy

Ақшалай да тегін де курстар бар, тегін курстар аздау, бірақ сонда да араларында пайдалылары кездесіп тұрады.

Code School

Веб технологиялар бойынша курстар, ақшалай және тегін курстар бар.

Apple Developer
Aplle өнімдеріне бағдарламалар жасағылары келгендерге пайдалы болады.

Android Developer
Android бағдарламаушылары үшін.

Programmr
Programmr практикалық жақты ең бірінші орынға қояды. Көптеген бағдарламалау тілдерінен әр түрлі тапсырмалар бар.

Learn Street

LearnStret – Javascript, Python, Ruby тілдерін оқуға арналған ресурс. Теориялар, тапсырмалар, ескертпелер және видеоматериалдар бар. Код сайтта жазылып нәтиже бірден тексеріліп отырады.

Udacity

Тағы бір жақсы ресурс, бірақ, барлық дерлік курстар ақшалай.

Mozilla Developer Network

Mozilla ресурсы. Веб технологияларды оқытуға арналған материалдар жиынтығы.

Html5 Rocks

HTML5 бойынша көптеген тегін мәліметтер (мақалалар, нұсқаулықтар) бар.

Learn Code The Hard Way

Learn Code The Hard Way python тілін оқып үйрену үшін ашылған ресурс. Бірақ, кейіннен Ruby, C, SQL, Regex оқып үйрену үшін материалдар қосылған.

Көп ресурстар мына мақаладан алынды және қазіргі кезде жоқтары алып тасталып жаңартылды

  • +3
3 пікір
kamyrov
Таңдаулыларға!)
anonym
Рахмет, пайдалы пост
muratov91
Прогерлерге оқитын студенттерге алғашқы 1 қыркүйекте көрсететін ақпарат!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.