Қытай дрондары - емтихан сақшылары

Батыс адамдары үшін Қытай өңшең көшірме және сапасыз бұйымдар жасайтын кейіпте. Сонда да, мойындау керек, оларға мұндай салада жететін ешкім жоқ. Мұндай ұқсауға тырысуға ынталылық олардың қанына сіңіп кеткен сияқты болып көрінеді кейде.



Мұндай ынталылық сыртқыэкономикалық жағдай үшін тиімді болса, ішкі әлеуметтік саясат үшін тежеуіш, үлкен бас ауру. Әсіресе бұл жағдай жеке интелигенттік элитаны өсіру мәселесінде айқын байқалады. Тек өткен жылдың өзінде АҚШ-та көшіргені үшін 8000 қытайлық студенттер оқудан шығарылған.

Әр жылы, жаздың басында Қытайда «гаокао» — екікүндік емтихан болады. Ол жергілікті жеткіншектердің келесі өмірін анықтап береді. Ал бұл жыл сайын 9 миллиондай адам, олардың көпшілігі кедей отбасыларынан шығады. Олар үшін емтиханнан өту әлеуметтік жағдайының жақсаруының бір жолы.



Сонда да шамамен 2 миллион абитируент емтиханнан құлайды. Маңыздылығы өте жоғары болғандықтан емтиханда көшіру, көмек алу ауадай қажет болып қалады.


Суретте камералы көзілдірік және кнопка орнатылған монета. Монетадағы кнопка басу арқылы суретке түсіріледі


Майкаға жасырынған радиотаратқыш

Мемлекет те қарап тұрған жоқ, жылдан жылға қатаңдап барады. Орындарда бір бірлеп отырғызу, қылмыстық жауапкершілікке тарту, емтиханды қайта тапсырудан 3 жылға шеттету секілді шараларды пайдаланып жатыр.



Бір сыныптың өзінде (30 адамдай) желіге 10 қосылу анықталған. Суреттегі телефондардың қызыл батырмасы байқаусызда байланысты үзіп алмау үшін жапсырып тасталған.

Шпорларды юпкамен алып кіру алақанға жазып алу секілді шаралардың қолданылғанына ары кетсе 5-6 жыл өткен шығар. Қазіргі кезде олардың орнында құлаққаптар келген. Олардың кейбіреулерінің кіші болғаны соншалық құлақтан тек магнит арқылы ғана алуға болады.


Қаламсапқа камераны басқаратын батырма орнатылған


Ал міне камераның өзі (бөтелкеде)

Осындай жағдайлардан соң Қытай осы жылы емтихандарда арнайы дрондарды пайдаланбақшы. Дрондар 500 метр радиустағы кез келген радиотаратуды анықтай алады және оның кімде екенін де анықтау қиындық тудырмайды.



Бұл тамаша шешім болып көрінгенімен адамдардың тапқырлығында шек жоқ екенін ескерсек, мұны да айналып өтетін адамдар табылар.

Біздің ел де емтихандарда Қытайдан қалыспайтынын айта кеткен жөн:

Түпнұсқа.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.