Қазақстанда қандай компьютерлік техникалар кең қолданылады?

Тегін хабарландырулар беруге мүмкіндік беретін OLX.kz сайты Қазақстандықтардың арасында 2014 жылдың соңына қарай қандай компьютерлік техника кең қолданылатынына сараптау жүргізіп көрді. Сараптау нәтижесі бойынша порталда негізінен ноутбуктар сатуға шығарылған. Екінші және үшінші орында планшеттер мен десктоптар орналасыпты.

Ең көп сатып алынатын брендтер: HP, Acer, Lenovo. Сонымен бірге, ең кең таралған экран өлшемі 15"-15,6″ (OLX арқылы сатылған 61,7% ноутбуктерінің экран өлшемі), 13"-14’’ диагоналді құрылғыларға да сұраныстар көп болған (13,5%). Нәтижеде ең кең таралған техника 60 пен 90 мың арасындағы 15,6″ диагональді HP құрылғылары.



Қазіргі кезде OLX.kz сайтының деректер қорында 1 млн-нан артық хабарландырулар бар екен. Әр ай сайын 300 мың жаңа хабарландырулар келіп отырады. Күніне сайтқа 200 мың адам кіреді. 2014 жылдың нәтижесі бойынша сайттың 1 млн пайдаланушысы бар.

goo.gl/F6Gg2J

  • +2
3 пікір
kamyrov
OLX-тағы статистиканы мен былайша түсінемін, мысалға HP ноутбуктары ең көп сатылуы, ол осы ноутбуктың сұранысы мықты деген сөз емес, ол керісінше көптеген адамдардың осы ноутбуктан құтылғысы келетінін көрсетеді). Сіздер менімен келісесіздер ме? Неғүрлым Б/У нарықта көбірек сатылса, соғурлым оның сұранысы мен сапасы нашар.
kamyrov
Өз басым менде DELL және TOSHIBA ноутбуктары бар, олардың сапасына/жұмысына мінім жоқ, сол себептен оларды сатпаймын да, бір екі жылдан кейін мүмкін сатармын OLX-та)
qwerty
Басында маған да сондай ой келген. Бірақ басқа да фактор бар, мысалы hp мен acer қазір Қазақстанда ең кең таралған, сол да статистикаға әсер етеді. Енді Dell-дар аз таралғандықтан olx та да аз болады да ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.