Dropbox дизайнерлердің бірге жұмыс жасауына арналған Pixelapse платформасын сатып алды

Dropbox дизайнерлерге нұсқаны басқару және бірге жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Pixelapse платформасын сатып алды. Pixelapse Dropbox-қа келесі жылдың соңына қарай интеграцияланады. Сатып алудың бағасы жарияланбады. Бұл компанияның 2015 жылғы екінші сатып алуы. Бұған дейін олар CloudOn құжаттармен жұмыс жасауға арналған сервисті сатып алған болатын.

Pixelapse график жобалардың нұсқаларын бақылауға мүмкіндік береді. Файлдардың 50-ге жуық форматтарын қолдайды. Олардың ішінде Photoshop, Illustrator, Graffle, Sketch бағдарламаларының файлдарының форматтары бар. Сервис аннотациялар және визуалды құралдар арқылы құжатта бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Pixelapse тағы бір жыл жұмыс жасайды, одан соң толығымен Dropbox-қа өтеді. Дизайнерлер үшін тіркелу ашық. Интеграциядан соң сервис пайдаланушыларға толығымен Dropbox-қа өту ұсынылады.



Бұдан алдын компания GloudOn сервисін сатып алған болатын. Ол платформа пайдаланушыларға мобильді құрылғылар арқылы құжаттарды көруге, өзгертуге және бірге жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде сервис сайтында сервис 15 наурыздан бастап жұмысын тоқтататыны туралы жазып қойған.



goo.gl/2QhC1V

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.