Microsoft Cyanogen компаниясына 70 миллион доллар қаржы инвестиция жасады

Cyanogen Inc қаржыландырудың үшінші кезеңінде Microsoft компаниясынан 70 миллион доллар инвестиция алды. Бұл компания Android жүйесіне балама жасаумен айналысады.



Инвестицияның Cyanogen Inc компаниясының басшысы операциялық жүйеде Google сервистерінен құтылғысы келетіндігін жариялағаннан соң жасалғаны өте қызық.

CyanogrenMod — ең танымал Android жүйесінің баламасы, қазіргі кезде пайдаланушылар саны 50 миллионнан асып кеткен. Сондықтан Кирт МакМастердің «Біз Google-дан Android-ты тартып аламыз» — деген сөзі, бос сөз емес секілді. Осындай инвестициядан соң мұндай жобаның іске асуы әбден мүмкін. Microsoft-тың мұндағы мақсаты айтпаса да түсінікті, ол іздеу гиганты орнының әлсіреуін қалайды. Microsoft компаниясынан басқа тағы да көптеген инвесторлар бар, бірақ олардың кім екені жайлы мәлімет жоқ. Инвестициялар жалпы 100 миллион доллар деп бағаланып жатыр.



Инвестициялардың басым бөлігі Google сервистерінің баламаларын жасауға жұмсалады деген болжам бар. Бірінші кезекте ол бағдарламалар дүкені (Google Apps баламасы). Google Apps бағдарламасы CyanogenMod орнатылғанда қойылмайды, демек, көптеген пайдаланушылар Cyanogen компаниясының бағдарламасын пайдаланатыны түсінікті.

goo.gl/DNcH9d

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.