Microsoft Cyanogen компаниясына 70 миллион доллар қаржы инвестиция жасады

Cyanogen Inc қаржыландырудың үшінші кезеңінде Microsoft компаниясынан 70 миллион доллар инвестиция алды. Бұл компания Android жүйесіне балама жасаумен айналысады. Инвестицияның Cyanogen Inc компаниясының басшысы операциялық жүйеде Google сервистерінен құтылғысы келетіндігін жариялағаннан соң жасалғаны өте қызық. CyanogrenMod — ең танымал Android жүйесінің баламасы, қазіргі кезде пайдаланушылар саны 50 миллионнан асып кеткен....


  • +1