Биткойн криптовалютасы: шынайы ақша ма?
- raimbek
- IT-жаңалықтар / 5 қаңтар 2015, 13:22
- 1374
Биткойн криптовалютасы туралы көпшілік естіген болар. Бірақ сол көпшілік биткойнды жай электронды ақшадан айыра алмайтын сияқты.
Биткойн туралы ең бірінші қате ойлардың бірі, оны жай "қағаз ақшаның" бір көрінісі деп түсіну. Бұл ең үлкен қателік, биткойнды жасаушылар оны алтынның алтернативасы ретінде болуын қалаған. Яғни, алтынның қасиеттерінің барлығы криптовалютада болуын қамтамасыз еткен.
Төменде алтынның қасиеттері қалай биткойнда жасалғаны жайла жазылған:
Алтынды көшіріп алу немесе синтез арқылы шығару мүмкін емес. Оны тек өндіруге болады. Ал бұл уақыт жағынан да ресурс жағынан да қымбат ресурс. Түсінікті болуы үшін мысал қарастырайық.
Мысалы, бір адам күні бойы еңбек етіп 1 кг алтын өндірді делік. Адам үшін 1 кг алтынның құны — 1 күндік еңбек. Ауыр жұмыс күнінен соң жұмысшы демалып, кинотеатрға баруды қалайды. Кинотеатрда кассир билетті 1 кг алтынғы ауыстыруға келіседі. Неге? Өйткені кассирге алтын ұнайды, бірақ, ол бір күн бойы жұмыс жасағысы келмейді. Сондықтан ол қызметті (билет) 1 кг алтынға айырбастайды. Шын мәнінде ол билетті жұмысшының бір күндік жұмысына айырбастады.
Енді тағы келесі жағдайды қарастырамыз. Айталық, алтынды көшіретін құрылғы бар болсын. Демек, кез-келген адам бір минутта алтынды көшіріп ала алады. Бұл жағдайда кассир енді билетті алтынға айырбастамайды, өйткені, ол өзі алтынды қанша қаласа сонша көшіріп ала алады. Сондықтан, алтынның құны түсіп, оны ақша ретінде пайдалану мүмкін емес болып қалады. Яғни, өндіру қиындығы алтынның негізгі құнын анықтайды.
Биткойнда да монеталарды өндіру үлкен ресурс пен көп уақыт талап етеді. Тек мұнда өндіру кендерде емес компьютерлерде жүреді.
2. Ресурстың шектеулілігі.
Алтын қанша көп өндірілген сайын, оны өндіру қиындай береді. Өйткені алтын ресурстары шектелген және өндірген сайын ол азая береді. Бұл инфляция бақылауда болатынына кепілдік береді.
Биткойнда бұл қасиет өндірілетін монеталардың жалпы санының уақыттан тәуелділік функциясы арқылы іске асырылған. Бұл функция кері пропорционалды, яғни, уақыт өткен сайын жылдамдық төмендей береді және нольге ұмтылады. Егер бұл функциядан интеграл алсақ, төмендегідей экспонента шығады.
Графикте көрсетілгеніндей монеталардың жалпы саны 21 000 000-ға ұмтылып бара жатыр. Биткойнның жұмысы келесі мақалаларда қарастырылады. Ал қазірге тек мынаны білу жеткілікті: монеталар жүйеде бумалармен әр 10 минут сайын пайда болады. Бір бумада 50 монета болады, олардың саны әр 4 жылда екі есе төмендейді.
3. Материалдылық.
Бұл кез келген ақшаның қасиеті. Яғни, бір алтынды бірнеше рет қызметке немесе тауарға айырбастауға болмайды, бір уақытта алтын не сатушыда, не сатып алушыда.
Бұл шынайы ақшаларда өздігінен бар, ал виртуалды ақшада, яғни биткойнда оны жасау үшін біраз күш пен ақыл керек ;-). Биткойнда бұл қасиет транзакциялар арқылы іске асырылған. Барлық транзакциалыр бір тізімге біріктіріледі. Әр транзакция монетаны бір немесе бірнеше транзакциядан алады да, оның кімге бағытталғанын көрсетеді. Сондықтан, барлық тізімді барлық уақытта тексеріп көруге болады.
Өндіру қиындығы, ресурстың шектеулілігі, материалдық биткойнды ақша ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Мұның барлығы жай келісім емес, олар биткойн ядросының негізінде жатыр.
Биткойнның жұмысы жайлы техникалық мәліметтер келесі мақалада жазылады.
Мақала мына мақала негізінде жазылды.

1. Өндіру қиындығы.

-
+1