Тағам таситын интернет дүкеннің жобасы. Электронды коммерцияға кіріспе.
- yerbol89
- Электронды коммерция / 30 мамыр 2014, 22:40
- 5056
Бәріміз де бала болдық, арман-қиял қуып тез байып кету жолын ойластырасың. Біз де бала болдық дегендей… Бақуатты болудың бірден-бір жолы — кәсіпкер атану. Интернетте кәсіпкер болу жолын қарастырып көрейік. Қандай да істі бастамас бұрын жүйелі түрде толық кіріс-шығыстар есептелген бизнес-жоспар қажет. Ия, ия БИЗНЕС-Жоспар. SWOT талдау жасауды да естен шығармаймыз, ол ең маңыздысы. SWOT талдау жасау кездің өзінде қиялдағы бизнесті жасауға болады ма, болмайды ма екені анық көрінеді. Сондықтан міндетті түрде SWOT талдау жасаймыз. Бизнес жопар жасап болған соң инвестор қарастыра беруге болады. Ал өз қалтамнан қаражат шығарып, қауіп-қатерді мойныма аламын десеңіз мархабат.
Бізге қажет болатыны қаражат.
Шығын: $5000 дан $20 000 дейін.
Қиындығы: орташа.
Өзін-өзі ақтауы: 6 ай (~1 жыл).
Білек сыбанып кірісіп кетпей тұрып алдымен, теория жүзінде барлығын қарастырып шығайық. Жеткізушіге де, тұтынушыға да құпия емес. Біз жасағалы тұрған бизнестің табыс көзі өзіміз сатып алып, үстінен қосымша қаражат көзін қойып сату. Барлығы түсінікті болу үшін мысал түрінде жазып шығайын. Айталық сіз ет қосылған тағам(тамақ) тапсырыс бердіңіз. Оператор сіздің тапсырысыңызды қабылдап алып, арнайы қоймаға хабарласады. Қоймадағы адам тапсырыс алынған затты қажетті көлемде, мөлшерде жинап затты жеткізетін адам(курьерге) береді. Үстінен қойылған баға толықтай сайттың өзінде алдын-ала көрсетіп қойғансыз. Ескерте кетейін, біз қарастырып отқан жоба мысалы интернетте сайт арқылы ет өнімдері қосылған дәмді тағам немесе тағам түрлері турасында болмақ. Ал өзіңіз осы мысал арқылы ет сату, пица сату, көкөністер т.б. жақтарын қарастырсаңыз болады. Нарық бос. Менің айтып жатқаным тек мысал ретінде. Жобаға оралайық.
№ 1. Сайтты ашу.
1.1. Сайт орналасатын хостинг. Жобамен біршама адам кіретін сайтқа ары кетті 15 000 тг-ден 50 000 тенгеге дейінгі жылына төленетін хостинг жарайды. Домен+хостинг.
1.2. Сайт жасату. Сайтты жасату үшін біршама уақыт пен біршама қаражатты жұмсаймыз. Қазіргі кезде 0-ден басталған сайтты жасатып, ыңғайлы, әдемі интернет дүкенді ашу 150 000 теңгеден басталады. Ары қарай қалтаңыз көтергенше 500 000-теңгеге дейін ары қарай кете береді. Бірақ ол бізге бастапқы кезде қажет емес. Бізге 150 000 мен 250 000 аралығында жасалған сайт жарайды.
1.3. Дизайн. Сапалы, сіздің өніміңізді бренд ретінде көрікті дизайнды 75 000 нан 250 000 теңгеге дейін жасап береді мамандар. Дизайнды қажет етпей, дайын бір дизаймен жасата берсеңіз. Осы орайда Joomla, Wordpress CMS жүйелері сізге жақсы көмекке келеді.
Сайт жасатудан бөлек оны контентпен толтыру, сайтқа адам тарту секілді көптеген жұмыстар бар. Бірақ біз оны қарастырмаймыз. Егер қызық болып жатса, пікірде сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады. Мейлінше түсінікті етіп жауап беруге тырысамын.
№ 2. Қойма ашу.
Сайт арқылы тағам сатудың екі жолы бар. Бірінші жолы сіз тағамды алдын ала сатып алмай, тек тапсырыс болған кезде алдын-ала келісіп қойған тамақтану орындарынан алып жеткізіп отырасыз. Тамақтану орнымен келісім жасасқан кезде де, ол мекеме сізге 24 сағат бойы жұмыс жасайтын болуы керек. Тапсырыс болғанда кезде жылдам, уақытылы тағамын дайындап қоятындай қызмет түрін ұсынуы қажет. Екінші жолы сіз арнайы бір қойманы жалға алып, тағамдарды сонда сақтайтын боласыз. Мүмкін сол қоймада өз тағамдарыңызды жасайтын цехқа айналдырып жіберсеңіз тіпті керемет. Біз осы екінші жолды қарастырамыз.
1.1. Қойманы жалға алу. Үлкен тоңазытқыштар сиятын қойманы жалға алу үшін кем дегенде 500 000 тенгені жұмсайсыз.
1.2. Тоңазытқыштарды сатып алу. Сізге идеалды тоңазытқыш нұсқасы бүкіл бөлмені салқындатып тұратын қойма болса керемет болмақ. Ол кезде сіздің шығыныңыздың аз, әрі кішкене болса да қаражатты үнемдейсіз. Ол үшін сіз кем дегенде 1 500 000 тенгені жұмсайсыз.
1.3. Алғашқы тапсырыстар және қызметкерлер. Алғашқы кезде сіз 1 000 000 тенгенің көлемінде тауар сатып аласыз. Одан бөлек сіз әр қызметке байланысты қызметкерлерді жұмысқа аласыз: тоңаызытқышқа жауапты адам, қарауыл, тапсырысты жеткізетін курьер. Сізге осы бөліміне бастапқы айда 500 000 теңге жетіп қалуы керек.
№ 3. Табыс табу.
Саудагерлердің қалай жұмыс істейтінін ойға алып, біз өзіндік құны тағамына 15% үстіне қаражат қойып қызмет түрін көрсетіп сататын болсақ мынадай көрініс пайда болады.
Шығын: 50 000 + 150 000 + 75 000 + 500 000 + 1 500 000 + 500 000 = 2 775 000 тенге
Тағам жасалмай, тек сатып және оның үстін 15% қоятын болсаңызды ескеретін болсақ және оған қоса сусындармен мен салаттарды 50% қосып сатсақ онда мынадай көрініс пайда болады.
Табыс: 500 000 + 325 000 = 825 000 алғашқы айда. Тиісінше сізде 6 айда:
825 000 х 6 = 4 950 000 тенге
Былайша қарайтын болсақ жаман бизнес емес. Тек логистикасын дұрыс жүйелеуге туралы келеді.
p.s.
Осы принцип бойынша жұмыс жасап жатқан сайттарды білемін.
azyktulik.kz
happypizza.kz
chocofood.kz
p.s.s. Менің жазып жатқаным тек мысал. Менің контексті жарнама, маркетинг, SMM т.б. қарастырған жоқпын. Тек жалпылама жазып шықтым. Алып қосар т.б. ойларды пікірде талқылауға дайынмын :)

-
+1