Қазақстанда биткоин заңдастырылады
- nurzhol
- Электронды коммерция / 19 тамыз 2019, 13:55
- 1058
Ол алда заң жобасы түрінде рәсімделмек.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің түсіндіруінше, арнайы әзірленген заң жобасында еліміз аумағында блокчейн технологияны қолдану арқылы цифрлық алмасу құралдарының 2 санатын ресми түрде ескеру ұсынылады.
Оның біріншісі «токенизациямен жасалған мәмілелерде пайдаланылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив» болмақ.
«Токенизация – блокчейн-экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі. Токенизация нақты активке, яғни материалдық немесе материалдық емес активтерге деген құқықтарды цифрлық құқықтарға, яғни токенге ауыстыру процесін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл цифрлық активтерді түрлі мәмілелерге қосу процесін қарастырады. Ол арқылы мәмілелердің орындалуы оңайлатылады, сондай-ақ делдалдардың болуы, уақытша шығындар, төлем жүйелерінің тартылуы, күрделі және тиімсіз құжатайналымы нәтижесінде туындайтын шығындарды болдырмайды», – дейді министрлік.
Алайда Қазақстанда «токен» ұғымы да заңдастырылмаған. Салдарынан, оны әркім әртүрлі түсіндіреді. Сондықтан «токен» сөзі бір мағынада қолданылуы үшін әрі оны айналымға енгізуге қажетті құқықтық өріс құру мақсатында жаңа заң жобасында Қазақстан заңнамасы деңгейінде «токен» ұғымының анықтамасын бекітіледі.
Бұл ретте токен – қамтамасыз етілген активке деген мүліктік құқықтарды куәландыратын цифрлық актив болып табылады.
Заңдастыру жоспарланып отырған цифрлық алмасу құралдарының 2-санаты – «қамтамасыз етілмеген цифрлық актив» болмақ. Оған «цифрлық түрде сауда жасауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар айырбастау құралы, есепайырысу ақша бірлігі, құнды сақтау құралы ретінде жұмыс жасайтын құнды білдірудің цифрлық құралы жатқызылғалы отыр.
«Қамтамасыз етілмеген цифрлық актив ұлттық немесе шетел валютасына айырбасталуы мүмкін. Бірақ ол бірде-бір үкімет немесе орталық банк тарапынан шығарылмайды және олардың юрисдикциясымен қамтамасыз етілмейді. Тиісінше, бұл цифрлық актив ақша ретіндегі функцияларды тек пайдаланушылар қоғамдастығының өзара келісімі бойынша ғана орындайды. Бұл санатқа криптовалюталар, виртуалды валюталар немесе жекеменшік электрондық валюталар жатады. Алдыңғы активтен негізгі айырмашылығы – ол нақты активтермен қамтамасыз етілмеген», – деген түсініктеме берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Сарапшылар ел Үкіметінің криптовалюталарға тосқауыл қоя алмағандықтан, осындай қадамға баруы мүмкін екендігіне мән беріп отыр.
«Қазір Алматыда, Нұр-Сұлтан қаласында және бірқатар қалаларда долларды биткоинға айналдыратын автоматтар орналасқан. Әйткенмен, әзірге криптовалюталар айналымы мен қолданысы Қазақстанда шектелген. Мәселен, қарапайым адам кез келген сауда орнында биткоинмен немесе виртуалды валютамен есептесе алмайды. Бизнесмендерге де өзара ресми түрде есепайырысуға жол берілмейді. Тек егер қазақстандық кәсіпкермен шетелдік клиент криптовалютамен есептессе немесе өзге мемлекеттерден биткоин түрінде қаржы аударылса, оны ол «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасы аясында цифрлық активтен нақты активке – валютаға айналдыра алады. Осы арқылы біріншіден, мемлекет криптовалюталарды бақылауға алуға тырысуда. Екіншіден, олардың айналымымен қоса туындайтын тәуекелдерді, айталық, қылмыс пен есірткі айналымының өсуіне тосқауыл қоймақ ниетте», – дейді биржа маманы Илья Ермолов.
Асқар Жұмағалиев басқаратын ведомство криптовалюталарды заңдастыратын жаңа заң жобасының тұжырымдамасында ары қарай еш қамтамасыз етілмегенімен, жыл өткен сайын азаматтар арасында кең танымал болып жатқан бұл цифрлық активтің дамуын ары қарай шектей алмайтынын білдіреді.
Сол себепті министрлік криптовалюталарды шектеуді қойып, оны АХҚО құқығына иліктіруге және реттеуге көшуге ұмтылуда. Бақыт Көмекбайұлы
Дереккөз: https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstanda-bitkoin-zandastyrylady

-
0