Email және push-хабарламалар: пайдаланушыларды ақша төлейтін клиентке айналдыруға арналған хактар.
- raimbek
- Электронды коммерция / 19 қараша 2014, 20:31
- 2258
Көптеген стартап жобаларға ақша төлейтін клиенттер санын көбейту маңызды. Сіздің бағдарламаңызды жәй көре салуға кірген адамды үнемі ақша төлеп тұратын клиентке айналдыру сырын білгіңіз келе ма? Мақаланың авторының айтуы бойынша, бұл өте оңай, және оны бір ғана сөзбен түсіндіруге болады — тілдесу (қарым-қатынас). Және бұл тілдесу дұрыс ұйымдастырылуы керек. Оны қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін жақсы жасалынған, ресурсқа бай сайтты жасап қоя салу жеткіліксіз. Әрине, ол пайдалы, бірақ пайдаланушыларыңыз сіз де олар сияқты адам екеніңізді сезінуі үшін жол табуыңыз керек.
Біз бұл жолы тек негізгі жағдайларды қарастырамыз, бірақ мына бір сөз сіздің жол сөрсететін жұлдызыңызға айналсын: «Адамдар тек өзі сенетіндерден ғана сатып алғысы келеді». Мұндай өзіңізге деген сенімді қалыптастырудың әдістерінің бірі электрондық почта, SMS және push-хабарламалар арқылы пайдаланушымен тілдесу.
Free trial моделін пайдаланатын компаниялардың 66%-да конверсия коэффициенті 25% төмен екенін білетін бе едіңіз. Неге? Пайдаланушылар тегін сынау нұсқасына тіркеледі де одан кейін іс-түссіз жоғалып кетеді, өйткені, компания өкілдері пайдаланушылармен байланысты қолдамайды.
Алғашқы үш күн — ең қиыны. Егер пайдаланушыны үш күнде бағдарламаңызды белсенді пайдалануға мотивацияласаңыз, ол төртінші рет белгілі бір іс-қимыл жасауының ықтималдығы жоғары болады (мысалы бағдарламаңызды сатып алады).
Пайдаланушыларды қолдау және сатумен айналысатын мамандарға әрбір пайдаланушымен қарым-қатынас орнату үшін бар уақытын жұмсаудың қажеті жоқ. Ондай жұмыстарды автоматты түрде жасауға да болады, тек пайдаланушының іс-қимылы мен психологиясы негізінде әрекет етіп, мәтіндерді соған негізделіп жазу керек.
Енді ақша төлейтін клиенттерді email, push-хаюарлама, және мәтіндік хабарлама арқылы шақырудың 7 әдісін қарастырайық.
Email
Құттықтау (Алғыс) хат жіберіңіз
Пайдаланушылардың 75%-ы тіркелген соң құттықтау (алғыс) хат келуін күтеді екен. Оны сіз қарым-қатынас орнату үшін пайдалана аласыз.
Пайдаланушы сынақ нұсқаға тіркелген кезде, автоматты түрде оған алғыс хат жіберіңіз. Ол хаттың тіркелу жүргізілген соң бір сағат ішінде жіберілуі маңызды. 90% клиенттер 60 минуттан соң суып қалады екен (яғни, сіздің бағдарламаңыз туралы ұмытады). Жаңа пайдаланушылар сіздің сервисіңізді тез арада қарай салып, оны мәңгіге ұмыта салуы мүмкін. Алғыс хат жіберу оларды сервисте алып қалу үшін жақсы әдіс.
Алғыс хаттарды шын адам жазғандай болуына қатты көңіл бөліңіз. Пайдаланушы жауап хат жаза алатын адресті пайдаланыңыз. Хатта қаншалықты жиі хат жіберіп тұратыныңыз туралы айтыңыз. Сервисіңіздің артықшылықтары мен пайдалы тұстарын атап өтіңіз. Егер пайдаланушыда қиындық туындаса тез арада көмек беретіндігіңіз туралы айтыңыз. Кейбір пайдаланушылар бұл хатқа жауап жазуы мүмкін, ондай жағдайда, міндетті түрде диалогты тоқтатпай жалғастырыңыз.
Осыған ұқсас алғыс хаттар, көптеген пайдаланушыларды сіздің сервисіңізді таңдау үшін мотивациялайды:
Салем, [пайдаланушының аты],
Сіз біздің сервиста тіркелгеніңізді байқадым. Ол үшін сізге шексіз алғысымды айтамын. Сонымен бірге, сізге сервисімізде жұмыс істеуді бастауыңызға көмектескім келеді. Сіз онда түсінбеген немесе жасай алмаған нәрселеріңіз бар ма? Мен сізге көмектесу үшін барлық уақыт осындамын, міне бірнеше пайдалы видеоларға сілтемелер, олар сізге неден бастау керектігін түсінуге көмектеседі.
Кез-келген уақытта жазыңыз! Әрдайым көмектесуге дайынмын!
— құрметпен Джилл, Autosend.io сайты.
Белсенділігі төмен пайдаланушыларды қызықтыру үшін email жіберіңіз
Белсенділігі төмен пайдаланушыларды қызықтыру үшін хат жіберіңіз. Мысалыға, тіркелуден екі күн өткен соң пайдалы нұсқаулық немесе сервиспен жұмысты қалай бастауға болатыны туралы хат жолдаңыз.
Көптеген пайдаланушылар сіздің сервисіңізбен жұмыс жасамайды, өйткені, олар оны қалай пайдалануды білмейді.
Мынандай түрде жазылған хаттар белсенділігі төмен пайдаланушыларды қызықтыруға көмектеседі:
Салем, [пайдаланушының аты],
Міне біздің бағдарламаны пайдаланудың бірнеше әдістері, олар сіздің ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі:
Сонымен бірге, сіз белсенділігі төмен пайдаланушылардың «Біз сізді сағындық» тақырыпты хатпен де назарын аудара аласыз. Егер пайдаланушы тіркелген соң екі күндей белсенділік көрсетпесе, оған неден қалып бара жатқандығы және сіздің сервисіңізге қайтса не ала алатыны туралы есіне салыңыз.
Салем, [пайдаланушының аты],
Сіз қайда кеттіңіз? Біз сіз жоқта бағдарламаға көптеген жаңа мүмкіндіктер енгіздік. Олар сізге көміртек ізін қысқартуға көмектеседі.
Біз келесідей мүмкіндіктерді енгіздік:
Хат сіздің бағдарламаңыз не үшін супер-пупер екендігі туралы айтпауы керек, ол жай ғана пайдаланушыны сервисті пайдалануға мотивациялауы керек. Олай жасау үшін оған оның не үшін тіркелгенін және сіздің сервисіңіз немен көмектесе алатынын жазыңыз. Пайдаланушыны қайтару үшін жіберілген хатта нақты әрекетке шақыру бар екенін тексеріңіз. Бұл клиентті қуантып, оны қайтаруға мотивациялайтын нәрсе болуы керек.
Осындай мақсаттағы шақырулардың мысалдары:
Сынақ мерзімін ұзартуды ұсыныңыз
Сынақ мерзімін ұзартуды әрбір пайдаланушыға ұсынудың қажеті жоқ. Сынақ мерзімінің соңына қарай белсенділігі жоғалған пайдаланушыларды қайтару мүмкіндігі өте төмен.
Мерзімді ұзартуды сынақ мерзімі кезінде бағдарламаңызды өте белсенді пайдаланып жатқан пайдаланушыларға ұсыныңыз.
Мұндай хаттың мысалы:
Сәлем, [пайдаланушының аты]
Мен сіздің сынақ мерзіміңіз аяқталып жатқанын байқадым. Сынақ мерзімін тағы бірнеше күнге ұзартуды қалайтын ба едіңіз? Біз мұндай мүмкіндікті қуана береміз. Тек бізге жауап хат жазып мерзімді ұзарту керектігін білдірсеңіз болды.
Push-хабарламаға жауап беру жылдамдығы почтадан гөрі үш есе тез. Егер тез жауап алғыңыз келсе, push-хабарламаларды пайдаланыңыз.
Жеңілдік ұсыныңыз
Кейде пайдаланушылар тарифтер жазылған бетке кіреді де бірақ сынақ нұсқасынан толық нұсқаға өтпейді. Мұндай жағдайда бірнәрсе жасау керек (мүмкін пайдаланушының ақшасы жетіңкіремей тұрған шығар). Мысалыға, мұндай пайдаланушыға арнайы жеңілдік ұсынуға болады.
Сізге келесі екі сағаттың ішінде [тарифтің аты] тарифіне 25% жеңілдік ұсынамыз. Уақыт шектелген.
Біздің клиентіміз болу туралы ойналып тұрсыз ба? Онда уақыт келді! Міне 25% жеңілдігі бар код [код номері]
Пайдаланушының сынақ мерзімін тезірек аяқтауына мотивациялаңыз
Пайдаланушының сынақ мерзімі бітуін күтіп отырудың қажеті жоқ. Әсіресе, ол сынақ нұсқасын өте активті қолданып жатса. Сіз егер олар толық нұсқаны дәл қазір сатып алса жеңілдік беретініңіз туралы айтуыңызға болады. Ол клиентті ертерек ақша төлейтін клиентке айналдыруға көмектеседі.
Мынандай push-хабарламалар жіберуге әрекет жасап көріңіз:
Сіздің дәл қазір ақша үнемдеуге мүмкіндігіңіз бар! Егер қазір толық нұсқаға өтсеңіз 10% жеңілдік
Барлық мүмкіндікті пайдаланғыңыз келе ме? Онда қазір толық нұсқаға өтіңіз және бағдарламаны бір ай тегін пайдаланыңыз
Бұл мақала аударма.
Негізгі нұсқада SMS хабарламалар туралы да оқуға болады. Бірақ sms-ті пайдалану клиенттерді шақырудан гөрі оларда ызаландыруы мүмкін. Сонымен бірге, почта мен push-хабарлама мүмкіндіктерін де шектен тыс пайдалануға болмайды. Онда сіз клиентті шақырудан гөрі, оларды теріс айналдырасыз.
Мақаланы аударудағы негізгі мақсат, email мен басқа да хабарлама құралдары, конверсияны күшейтуде маңызды орын алатындығы және оларды елемеу өз аяғыңа балта шауып, келер пайданы алуды қаламағаныңмен бірдей екендігін тағы бір рет атап өту.

- Банк есептерін импорттаңыз (оған 2 минуттай уақыт кетеді)
- Бізге сіздің сүйікті дүкендеріңіз туралы айтыңыз, сонда біз сізге купон ала аламыз (оған 3 минуттай уақыт кетеді)
- Сатып алуды жобалап жүрген заттарыңыз туралы айтыңыз, сонда біз сізге ең тиімді ұсыныс жасай аламыз (оған 5 минуттай уақыт кетеді)
- Егер сіз мына батырманы шертсеңіз, айтылған баптауларды бірден жасай аласыз және ақшаңызды үнемдейсіз
Сонымен бірге, сіз белсенділігі төмен пайдаланушылардың «Біз сізді сағындық» тақырыпты хатпен де назарын аудара аласыз. Егер пайдаланушы тіркелген соң екі күндей белсенділік көрсетпесе, оған неден қалып бара жатқандығы және сіздің сервисіңізге қайтса не ала алатыны туралы есіне салыңыз.
Салем, [пайдаланушының аты],
Сіз қайда кеттіңіз? Біз сіз жоқта бағдарламаға көптеген жаңа мүмкіндіктер енгіздік. Олар сізге көміртек ізін қысқартуға көмектеседі.
Біз келесідей мүмкіндіктерді енгіздік:
- құрамында еті жоқ рецепттерді іздеу мүмкіншілігі, ол сізге дұрыс тамақтануға көмектеседі
- қоғамдық көлік картасын, ол сізге қалада жүрудің басқа әдісін табуға мүмкіндік береді
- жалға алуға болатын велосипедтерді іздеу мүмкіндігі
Хат сіздің бағдарламаңыз не үшін супер-пупер екендігі туралы айтпауы керек, ол жай ғана пайдаланушыны сервисті пайдалануға мотивациялауы керек. Олай жасау үшін оған оның не үшін тіркелгенін және сіздің сервисіңіз немен көмектесе алатынын жазыңыз. Пайдаланушыны қайтару үшін жіберілген хатта нақты әрекетке шақыру бар екенін тексеріңіз. Бұл клиентті қуантып, оны қайтаруға мотивациялайтын нәрсе болуы керек.
Осындай мақсаттағы шақырулардың мысалдары:
- өзіңіздің [тауар аты] қазір құрыңыз
- дәл қазір жасап көріңіз
- өзіңіздікін дәл қазір алыңыз
- мына видеоны қарап көріңіз
Сынақ мерзімін ұзартуды ұсыныңыз
Сынақ мерзімін ұзартуды әрбір пайдаланушыға ұсынудың қажеті жоқ. Сынақ мерзімінің соңына қарай белсенділігі жоғалған пайдаланушыларды қайтару мүмкіндігі өте төмен.
Мерзімді ұзартуды сынақ мерзімі кезінде бағдарламаңызды өте белсенді пайдаланып жатқан пайдаланушыларға ұсыныңыз.
Мұндай хаттың мысалы:
Сәлем, [пайдаланушының аты]
Мен сіздің сынақ мерзіміңіз аяқталып жатқанын байқадым. Сынақ мерзімін тағы бірнеше күнге ұзартуды қалайтын ба едіңіз? Біз мұндай мүмкіндікті қуана береміз. Тек бізге жауап хат жазып мерзімді ұзарту керектігін білдірсеңіз болды.
Push-хабарламалар
Push-хабарламаға жауап беру жылдамдығы почтадан гөрі үш есе тез. Егер тез жауап алғыңыз келсе, push-хабарламаларды пайдаланыңыз.
Жеңілдік ұсыныңыз
Кейде пайдаланушылар тарифтер жазылған бетке кіреді де бірақ сынақ нұсқасынан толық нұсқаға өтпейді. Мұндай жағдайда бірнәрсе жасау керек (мүмкін пайдаланушының ақшасы жетіңкіремей тұрған шығар). Мысалыға, мұндай пайдаланушыға арнайы жеңілдік ұсынуға болады.
Сізге келесі екі сағаттың ішінде [тарифтің аты] тарифіне 25% жеңілдік ұсынамыз. Уақыт шектелген.
Біздің клиентіміз болу туралы ойналып тұрсыз ба? Онда уақыт келді! Міне 25% жеңілдігі бар код [код номері]
Пайдаланушының сынақ мерзімін тезірек аяқтауына мотивациялаңыз
Пайдаланушының сынақ мерзімі бітуін күтіп отырудың қажеті жоқ. Әсіресе, ол сынақ нұсқасын өте активті қолданып жатса. Сіз егер олар толық нұсқаны дәл қазір сатып алса жеңілдік беретініңіз туралы айтуыңызға болады. Ол клиентті ертерек ақша төлейтін клиентке айналдыруға көмектеседі.
Мынандай push-хабарламалар жіберуге әрекет жасап көріңіз:
Сіздің дәл қазір ақша үнемдеуге мүмкіндігіңіз бар! Егер қазір толық нұсқаға өтсеңіз 10% жеңілдік
Барлық мүмкіндікті пайдаланғыңыз келе ме? Онда қазір толық нұсқаға өтіңіз және бағдарламаны бір ай тегін пайдаланыңыз
Аудармашыдан

-
+1