Ұялы желілерде қауіпсіз ақпарат алмасуға арналған 5 мобильді қосымша
- kamyrov
- Ақпараттық қауіпсіздік / 6 тамыз 2014, 11:46
- 3369
Ақпаратты билейтін адам, дүние жүзін билейді. ©
Соңғы жылдары қарапайым халық пен корпоративтік ортада мобильді құрылғылардың қолданылуы кеңінен таралып отыр. Қолданылатын мобильді құрылғылардың саны бірнеше есеге артты. Қолданушылар мен бизнестің мобильді құрылғыларға көшуі шарасыз процесс. Gartner-дің болжамы бойынша, корпоративті ортада мобильді құрылғылардың саны одан әрі өседі және 2015 жылдың соңына дейін бизнесте қолданылатын құрылғылардың жартысына жуық мобильді құрылғыларға жататын болады.
Осыған орай мобильдік қосымшаларға арналған зиян келтіретін код жылдын жылға геометриялық прогрессиямен өсуде. Оған қоса соңғы жылдары ақпараттық соғыс деген термин үлкен күшке айнала бастады, барлық мемлекеттерде адамдардың бүкіл іс-қимылын бақылайтын арнайы бөлімшелер көптеп ашылуда. Барлық әлеуметтік желілерде біздің алмасатын хаттар «біреулермен» оқылады, әрбір қоңырауымыз «біреулермен» тындалады, бұл барлымызға мәлім құбылыс. Көрші елдердегі болып жатқан оқиғаларға байланысты, Қазақстанда да кез келген адамның хабарламаларын немесе қоңырауларын тыңдап, коре алатындарына менің күмәнім жоқ, сол себепті сіздерге ақпартпен қауіпсіз алмасуға болатын мобильдік қосымшаларға шағын шолу жасап берейін.
1. RedPhone
Әңгемелерін тыңдатқысы келмейтіндерге мінсіз нұсқа болып табылатын Android-қа арналған тегін қосымша. Осы қосымша арқылы RedPhone желісіне қосылған басқа қолданушылардың телефон нөмірлеріне қауіпсіз ақпарат алмасу арнасы арқылы қоңырау шалуға болады, барлық қоңыраулар тіркелмейді. Егер де қоңырауды қағып кететін болса да, барлық ақпарат құпиялы түрде сақталады, себебі қосымша бүкіл әңгімені шифрлейді.
Redphone абонентіне қоңырау шалған кезде, дәстүрлі ұялы желінің орнына шифрленген тікелей VoIP-қоңырау шалынады. Барлық ақпарат трафигі IP арқылы алмасады. Екі нүктені байланыстыратын шифрленген арнаны ұйымдастыру үшін ZRTP хаттамасы қолданылады, ал осының барлығын координациялау үшін RESTful HTTP API-ға ұқсайтын өзінің сигналды хаттамасы қолданылады. Ұялы телефонның аккумулятор қуатын үнемдеу үшін push-нотификацияның жүйесі қосымшада қолданылады. Айтпақшы, осы бағдарламаның коды GPLv3 лицензиясы бойынша ашық).
2. Silent Phone
Android-тағы смартфондарға ғана емес, itunes.apple.com/us/app/silent-phone/id554269204?mt=8-ға да арналған қауіпсіз телефондық қоңырауларға арналған тағы бір қосымша. Қолданушыларға анонимді түрде мәтіндік және дыбыстық ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін, оған қоса мобильдік операторларың тарифімен емес, Wi-Fi немесе 3G/4G арқылы мәлімет алмасуға болатын Silent Circle пакеті құрылғыларының бірі. Жіберілу кезінде мәліметтер арнаның бүкіл ұзындығымен қорғалады және шифрленеді.
Silent Phone орнатылмаған абоненттермен хабарласу үшін қауіпсіз Out-Circle Access ақылы сервисін қолдануға болады. мұндай қоңыраулар Silent Phone арқылы Silent Circle серверлеріне жөнелтіледі, одан кейін серверден телефондық желі арқылы жергілікті телекоммуникациялық компаниялардың құрылғыларына жіберіледі (бұл жағдайда телекоммуникациялық компаниядан қоңырауды естулері мүмкін).
Silent Phone қосымшасы жақын арада танымалдылыққа ие болған Blackphone смартфондарында үнсіз келісім бойынша орнатылған.
3. Wickr
Хабарламалар алмасуды құпия ретінде сақтауға көмек беретін iOS және Android-қа арналған тегін қосымша. Бұл құпиялы мессенджер шифрленген және өзін-өзі жоятын хабарлама, фото, видео және дыбыстық жазбалармен алмасуға мүмкіндік береді. Wickr арқылы жіберліген хабарламаларда жіберуші мен қабылдаушының геолокациялық мәліметтері болмайды, оған қоса бұл хабарламалар серверледе сақталмайды.
Wickr-дің контактілерімен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Адресаттың құрылғысынан хабарламаның жойылуына берілген уақыт қосымшада қолмен бапталады. Жойылу кезінде хабарламаның жіберілу уақыты мен орны сияқты метамәліметтіріне дейін, қайта қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылады. Мәліметтерді шифрленуі үшін әскери шфирлеу деңгейі қолданылады.
Бұл мессенджер Box, Dropbox және Google Drive сияқты сервистермен интеграцияланады, бірақ шынымды айтсам бұл сервистермен интеграция жүргізудің мақсатын, мәнін түсінбеймін. Егер ақпаратты басқалардаң сақтағыларың келсе бұлтты сервистермен қосылудың жөні жоқ.
4. S2end
iOS пен Android-қа арналған тағы бір құпиялы мессенджер. S2end-тің мүмкіндіктері жоғарыда аталған Wickr-дегідей (бұлтты сервистердің интеграциясынан басқа), бірақ қосымшаның бағдарламаушыларының айтуы бойынша шифрлеудің бір деңгейі емес, бірнеше деңгейі қолданылады. «Біздің жүйемізді сындыру хакерлердің және үкіметтің қолына келмейді», — деп мәлімдейді қосымшаның құрастырушылары.
оған қоса, бағдарламада әң маңызды хабарламалар мен файлдарды сақтауға мүмкіндік беретін Secure Bag құралы бар. Егер сіз хабарлама алмасқан кезде кейбір ақпаратты сақтағыларын келсе, осы қоймада олар толық қауіпсіздікте сақталады.
5. Anonymous Browser
Сіздің смартфоныңыз бен планшетіңіз арқылы қауіпсіз интернет-серфингпен айналысуға мүмкіндік беретін тегін Android-қосымша. Браузер іздеу тарихын, coockies файлдарын және кеш-ті сақтамайды. Оған қоса қосымшаның авторларының айтуы бойынша, пайдаланушылар браузерде жағымсыз URL-адрестермен соқтығыспайды.
Браузер Anonymous тобының туындысы ретінде жайғасып отыр, бірақ көптеген қолданушылар қосымшадағы жарнамаға шағымдар айтып жүр. Сондағы өздерін игі легион деген атына қарама қайшы болғаны ма? Әлде бұл жай ғана ақшаны тапқысы келетін бір бағдарламашының туындысы ма? Не десек те, бұл бағдарлама өзінің мақсатын орындап отыр, яғни бізге интернетпен қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік беріп тұр.
Ия осынау заманда оңсыз да ақпарат алмасатын орталар, мессенджерлер өте көп, арқайсысымызда whatsapp, viber, mailru, skype, hangouts және т.б. көптеген қосымшалар бар. Оған тағы жоғарыда аталған қосымшаларды қоссақ, басымыз айналып кететін сияқты)). Сол себептен болашақта өздерінді ақпартаттық қауіпсіздікте сақтау үшін, кейбір әлеуметтік желілерден, мессенджерлерден арылуларына кеңес беремін. Ал мен айтқан қосымшаларды үкіметтен тығылып жүрген және қымбат ақпарат иелеріне ғана қолдануға кеңес беремін!
Назар қойып оқығаныңыз үшін рахмет!
-
+1