Егер Google болмаса не болар еді?
Бір компанияның басқарудағы қателіктері, екінші бір компанияның жетістіктеріне себепкер болуы мүмкін. Осындай жағдай дүние жүзі бойынша үшінші орында тұратын іздеу жүйесі Yahoo! компаниясымен болған болатын. 1997 жылы Yahoo! Стэнфорд университетінің екі студентінен BackRub технологиясын сатып алмай қойған. Бұл қазіргі кезде табысы Yahoo! компаниясынан 20 есе көп болатын — Google компаниясының шығуына алып келді.
1997 жылы болған мүмкіндікті Yahoo! пайдаланғанында Стэндфорттың Сергей Брин және Ларри Пейдж деген студенттерінен BackRub технологиясын сатып алып Google компаниясының құрылуын тоқтатуына болар еді. Бірақ, компания қателігіне байланысты студенттер бір жылдан соң Google іздеу жүйесін ашты. 1998 жылғы Google сайты мынандай түрде болатын:
Бірнеше жылдан соң, 2002 жылы, Yahoo! президенті Терри Семел Google басшыларына компанияны 3 миллиард долларға сатуларын ұсынды. Google басшылары бұл ұсыныстан бас тартты, негізгі себеп — өте арзан баға. Сол кезде Google жылына 240 миллион евро табатын, ал Yahoo! — 837 миллион. Бірақ Терри 5 миллиард ақша жұмсағысы келмей, Google орнына жарнама іздеу нарығында бірінші орында тұрған Overtue компаниясын 1,4 миллиард долларға сатып алды. Онымен компания 3 миллиард доллар үнемдеді. Бірақ бұл жағдайды компанияның екінші қателігі деп атауға да болатын шығар. Өйткені олар ең үлкен бәсекелесін жоюға болатын екінші мүмкіндікті жіберіп алды.
2004 жылы Google IPO-ға шықты және компанияның капиталы 23 миллиард доллар болды, ал Yahoo!-да техникалық ақаулар пайда болды.
Кім біледі егер Yahoo! Google-ні сатып алғанда, олардың технологияларын пайдалану арқылы ең сапалы іздеу жүйесіне айналар ма еді. Бірақ өнім қаншалық сапалы болғанымен оны дұрыс емес басқару бір күнде жойып жібере алады.
1997 жылы Yahoo! гуглды сатып алды деп елестетіңіз. Енді ойланып қараңыз, сол сатып алу болғанда қазіргідей пилотсыз машиналар пайда болар ма еді? Генетиктерге «бұлттық есептеуді» кім ұсынған болар еді? Осындай үлкен жобалармен айналысатын басқа бір компанияны елестету қиын. Иә, Microsoft R&D Labs және Facebook Internet.org жобасы арқылы бүкіл әлемде интернетті қолжетімді етпекші, бірақ олардың жұмысы тек бизнес мақсатында.
Google-нің әрекеті олардан ерекше. Ол жаңалықтардан қорықпайды және зерттеп көру әдісін пайдаланады. Сөзсіз егер қазіргідей Гугл болмаса технологиялар әлемінде үлкен ақсаулар болар еді.
goo.gl/DpUFZZ

-
+2