Google Chrome браузерін жылдам істетудің 6 жолы

хром браузер, браузер хром, chrome, google chrome
Біршама жыл бұрын Mozilla Firfox браузерін жасау және дамытумен айналысатын бірнеше жұмысшыны өзінің қол астына Google алды. Осылай Google-дің өз браузерін жасауға деген ниетті екендігін сездірген болатын. Көп күттірмей Google өзінің Chromium және Blink негізінде істейтін Google Chrome браузерін 2008 жылдың 2 қыркүйегінде көпшілікке таныстырды. Басында өте жылдам және жеңіл істейтін браузер ретінде көптің көңілінен шыққан. Бірақ арада біршама уақыт өтті. Google Chrome қазіргі таңда барлық жаңа технолгогияларды, көптеген мүмкіншіліктерді өзіне жинастырып Танкі браузерге айналып шыға келді. Сонда да бұл браузер біршама баптауларды жасап, өзімізге қарай бейімдеуді талап етеді. Жасалатын баптаулар, өзгертулер брауздердің жыладам жұмыс жасауына, жеңіл қосылуына әсер етпек.

1. Бірінші қосылатын бетті реттеңіз (Стартовый страница)
Chrome өте жылдам қосылады, сөз жоқ. Оны басқа браузерлермен салыстырудағы тесттер дәлелдеп отыр. Бірақ егер сіздің браузеріңіздің баптауында соңғы жабылған кездегі беттер негізгі ретінде ашалатын беттер ретінде тұрса, онда соңғы жабылған беттерді браузер қайта ашуға тырысады. Бетердің қайта қалпына келтіру өте көп уақытты алып, браузердің жылдам қосылуына кедергі жасайды.

2. Аз қосымша қолданыңыз (Расширения)
Көптеген қосымшаларды Chrome-ға орнату оның функционалды жылдам жұмыс істеуіне кері әсер етеді. Қосымшалар тек браузерге қосылып, браузер мүмкіншілігі болып ғана қоймай процессорда жеке амал ретінде қарастырылып, жұмыс атқарады. Ал ол өз кезегінде процессордан және жедел жадыдан біршама орын алып компьютердің жылдам істеуіне тікелей әсер етеді.

3. Браузердің келісім бойынша өзімен бірге орнатылатын келбетін оранту (Темы)
Қазіргі таңда Chrome браузеріне көптеген қосымшалардан бөлек, браузердің келбетін өзгертуге болатын көптеген келбет(темы) бар. Браузерді әдемі етіп көрсеткенмен оның жылдам жұмыс істеуіне кері әсер етеді. Себебі процессор мен жедел жадыдан біршама орын алады. (Сіз Windows ОЖ-сінде классикалық пен Windows Area темасының айырмашылығын білетін болсаңыз жақсы түсінетін боласыз)

4. Эксперименталды мүмкіншіліктерді қосыңыз
Браузерді жетілдірумен айналысатын команда(разработчиктер) көптеген тестілеулерді өткізіп жатады, барлығы сіздер үшін. «Тағы сіз үшін біз не істей аламыз? :) (Ipsak)» Жалпы қолданушыға көрсетілмегенімен эксперименталды қосымшалар браузермен бірге орантылады. Эксперименталды мүмкіншіліктерді қосып көру арқылы болашақта браузерде болуы мүмкін қосымшаларды тексеріңіз. Ол үшін браузеріңіздің адресінде about:flags жазып ентер батырмасын басыңыз болғаны. Ары қарай эксперименттерді қосып, өзіңізді маман ретінде сынаңыз.

5. Браузердің баптауларын шұқылаңыз
Google Chrome өте көп баптау мүмкіншіліктеріне ие. Баптауларды шұқылап көріңіз. Онда өзіңізге қажет емес, бетті аудару т.б. секілді Google қосымша мүмкіншіліктеріңіз өшіріп тастаңыз.

6. Жиі-жиі браузердің кешін тазалау
Браузер сіз ашқан беттерден мәтін, сурет т.б. ақпараттарды өзінің арнайы кэш орнына сақтап отырады. Себебі сіз қайтадан сол бетті ашқанда сайттан емес, арнайы кештен жылдам жүктеп, беттің жылдам ашылуына жағдай жасайды. Бірақ уақыт өте келе кештің тозығы шығып кеткендігі соншалық браузердің жылдам ашылып, жылдам істеуіне кері әсер етені бар. Мұндай жағдайда әрине аптасына бір немесе бірнеше рет браузердің кешін тазартып тұруға кеңес береміз. Өз басым Ccleaner бағдарламасын қолданамын, сізге де қолдануға кеңес берем. :)

Әрине бұдан да басқа баптауларды қолданып, браузердің жылдам істеуіне жағдай жасауға болады. Менің әзірге ойым келгені осы 6 жағдай. Егер алып қосарыңыз болса пікірде жазсаңыз болады. Бірігіп талқылап көрейік. :)

браузер, хром, chrome

  • +2
2 пікір
dekan
Хромшы емеспін
yeleke
ия, жақсы! Әлгі автоматты бетті орыс тіліне аударатын қосымша өз зиянын тигізеді ме сонда жылдамдыққа?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.