1 Гб флешканың көлемі 954 мб болуының себебі.

Егерде ақпараттық жүйелерден хабарыңыз болса, ақпараттық жүйеде ақпараттар екілік жүйеде есептеледі, ал сақтау құрылғыларын шығарушы компаниялар өздерінің сақтау құрылғыларын ондық жүйеде шығарады(PS алғашқы уақыттарда сақтау құрылғыларының көлемі қазіргі уақыттағыдай үлкен болмағандықтан айырмашылығы онша байқалмаған).

бит,байт, көлем

Жай ғана арифметикаға салып көрсетейін:

Ондық жүйе (сақтау құрылғысын шығаратын компания есебі бойынша):
1GB — 1000 MB
1000 MB — 1000 000 KB
1000 000 KB — 1000 000 000 Bytes
Екілік жүйе (программалық жүйе бойынша):
1000 000 000 Bytes / 1024 = 976562,5 KB
976562,5 KB / 1024 = 953.6 MB
Сонымен 1 GB = 953.6 MB

  • +4
3 пікір
Abzal
Толықтыра кетсем, 1GB = 1000MB емес, 1GB = 1024 MB-қа тең. Менің білуімше флешканың көлемі аз болу мүмкін болуының себертері:
1. Әр оперциялық жүйе дисктерді әрқалайша көру мүмкін
2. Көлемнің бір бөлігі системамен резервте тұру мүмкін. Көбіне тез жұмыс істету мақсатында
3. Және де, кейбір компаниялардың 1kB = 1000байт деп алуы. Ал операциялық жүйе 1kB-ты 1024 байт деп алу.
Қате жіберген болсам түзетерсіздер
yerbol89
Яғни көлемінің әр түрлі болуыынң себебі флешканы шығарған компанияға және қолданылатын ОЖ-ге байланысты ма?
Abzal
Ия, солай десек те болад. Бір мысал келтірсем:
Диск шығаратын компанияның көзқарасы бойынша 100GB-та 100*1000*1000*1000 = 100000000000 байт орын болады.
Ал компьютер болса 100GBты осылай есептейді — 100*1024*1024*1024 = 107374182400
Яғни, уәделенген 100GB-ты компьютер 93.13GB — деп көреді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.