Өзің ізде (ozinizde.kz) - қоғамдық проблеманы шешуге арналған сервис


Өзің ізде — әлеуметтік маңызды мәселені шешуге арналған сервис.

Қазіргі кезде гуглде іздей білмеу мәселесі қоғамдық проблемаға айналып барады. Барлық адамдар гуглден іздеуді ұмытып, бір-бірінен ауызша сұрауға өтіп жатыр. Бұл эпидемияны қалайда тоқтатпасақ болмайды

Қалжыңнан негізгі әңгімеге өтейік. Өзің ізде — гуглдің пайдасын білмейтіндерге көмек беру үшін құрылған кішігірім сервис. Мұндай сервистің қажеттілігі сонша өте көптеген мемлекеттерде өз нүсқалары бар (мысалы, міне, міне). Енді бұл сервис қазақ тілінде де бар ;)


Сервисті пайдалану өте қарапайым. Айталық сізден досыңыз гуглдан бір сұраныспен табылатын сұрақтарды сұрап жатыр делік, сіз аласыз да, ozinizde.kz ашып жіберіп, сілтеме құрып аласыз, мысалы былай:



Осылай көшіріп алынған сілтемені, жаңағы XIX ғасырда өмір сүріп жатқан досыңызға жібересіз. Ол бұл сілтемені ашып, мынандай көрініс көреді:



Сервис ешқандай саяси, діни мақсаттарды көздемейді. Тек қоғамдық проблеманы шешу үшін арналған.

Гуглдетулеріңіз сәтті болсын ))

12 пікір

avatar
Керемет! Раимбек бүгіннен қалдырмай жасағанын үшін рахмет!)
avatar
Негізі тақырыбын 12 сағат ішінде кішігірім сервис ашу деп қойғанда болар ма еді ))
avatar
Бұл сервисті szh.kz сайтының 70% сұрақтарына жауап ретінде қолдануға болады екен :)
avatar
Сервисті сол үшін жасадым десем де болады ))
avatar
Соны мен де ішімнен ойлап қалдым)
avatar
Енді осы сайтты жиі пайдаланатын болдым. Қаншама нервті орнына қоятын болды)))
avatar
Атпақщы, өткен жылдардың статистикасы бойынша, Еуропа және Америка елдерінің барлығында ең танымал сайт «google.com» болды, ал Қазақстанда «mail.ru» (facepalm). Халқымызды гуглдеуге үйретсек, статистика өзгереді деген үміттемін)
avatar
Жақасы идея. :)
Сілтемеге өтудің қасында, сілтемені көшіріп алу батырмасы болса қатып кетер еді ия.

Шыққан нәтижені буферге автоматты көшіріп алатын болса.
avatar
share.pluso.ru/ мысал бет.
avatar
міндетті түрде :) юзабилитыйды көтеру керек ))) рақмет!
avatar
Дайын )) бірақ flash өшірулі болса істемейді, кейін тағы уақыт болғанда flash-сіз қалай істеу керектігін ойланып көремін )
avatar
Керемет енді осыған кіретін боламыз))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.