AngularJS-пен бейнежаттығу 2 - сервис, директива және фильтр жасау

Сәлем, Кодеолықтар! Мен сіздерге AngularJS-пен жаттығудың екінші бейнеклипін ұсынғым келіп отыр. Бұл жолы мен блог-платформаны мысалға ала отырып, қалай өзіме керекті жаңа сервис, директива және фильтрді жасауға болатынын көрсетемін. Видеоның ұзындығы бірінші видеоға қарағанда екі есе қысқа, бірақ пайдасы кем емес деп ойлаймын. Әдеттегідей сіздерге бұл жаттығумен қызықты уақыт өткізуді тілеймін және пікірлеріңізді күтемін!


  • +5

AngularJS-пен бейнежаттығу - Автобустар уақытын бақылау

Сәлем, оқырмандар! Мен сіздерге AngularJS және Bootstrap-ты қолданып, шағын веб бағдарлама жасау туралы бейнематериал ұсынғым келіп отыр. Бейнеклиптің ұзындығы ойлаған уақыттан көбірек болып шықты, бірақ ішінде артық ештеңе жоқ сияқты. Бұл жаттығумен қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуді тілеймін! Және де пікірлеріңізді күтемін.


  • +4

Муәлік - біраз қуайық (ұран)

Осы жерде PR тақырыптар жариялауға бола ма білмедім, қайтсе де, айып етпеңіздер, көрейін. Мен Javascript-пен сайт жасауды үйрену барысында бір нағыз қазақша бірдеңе жасайыншы деп ойладым. Яғни сайт таза қазақ тілінде болу керегі шарт. Ары ойлап, бері ойлап, әзілге арналған сайт жасауды ұйғардым. "Әзіл", "қазақша мемдер" деген сияқты сөздермен гуглдетіп көрдім, аса ештеңе табылмады. Мүмкін оқырмандар білсе,...


  • +2