Snapchat мессенджері қалай құрылды?
- gmyrzamuratov
- Сұхбат, Қызықты адамдармен кездесу / 19 қараша 2018, 13:01
- 993
Эван Шпигел және Бобби Мерфи колледжді бітірген кезі нөл жыл тәжірибесі бар еді.
Сол кезде екеуі не істейді? Амал жоқ, екеуі бірігіп бір бағдарлама жасап, оны AppStore-ға жүктейді.
Бұл бағдарламаның үш қарапайым функциясы болған. Біріншісі, тіркелу. Екіншісі, достарыңды тізімге қосу болса, ал үшіншісі сол достарға хат жіберу. Бірақ басқа мессенджерлерге қарағанда бұл бағдарламаның бір ерекшелігі болған.
Оқылған хат 10 секунд өте салысымен өзінен-өзі өшіп кетеді. Өшкен хат қайта қалпына келмейді, болды.
Ал бағдарламаның атын болса Snapchat деп қойады.
Басында екеуі таныстарын, бірге оқитын достарын бағдарламамен қолдануға шақырса, кейін уақыт өте келе таныстары өздерінің таныстарын шақырып, аудитория геометриялық прогрессиямен өсе бастайды. Бар болғаны бір жылдан кейін бұл бағдарламаның өте үлкен танымалдылыққа ие болғанын байқаған Марк Цукерберген осы екі балақайға келіп "Қалтамда 3 млрд $-ым бар, маған бағдарламаларыңды сатындаршы" — дейді. Бірақ бұл балақайлар "3 млрд долларға келісе салатындай бізді кішкентай балалар деп ойлап па едін?" -деп ұсынысынан бас тартады.
Енді қазіргі күнге келсек, Forbes журналының есептеуі бойынша осы балақайлардың әр қайсысында 3 млрд$ доллары бар екен. Негізі, Марк Цукербергенді қайтарып жіберген кезде бір нәрсені білген ғой шамасы.
Қысқаша тарихы:
2011 жылдың сәуір айында Эван мен Бобби бағдарламаның бастапқы идеясын ойлап табады.
2011 қыркүйек айында бағдарлама AppStore-ға алғашқы рет шығады.
2012 қазан айында аудиториясы 10млн-ға жетеді
2013 қараша айында Марк Цукерберген бос қолымен және қалтасы толған ақшамен үйіне қайтарылады
2014 тамыз айында 18 жастағы АҚШ жастарының 40%-ы Snapchat-ты қолданады екен.
2014 қазан айында алғашқы жарнаманы іске қосылады
2015 мамыр айында Snapchat-тың аудиториясы 100млн-ға жетеді. Қолданушылар күніне 400млн снап жібереді екен.
2015 маусым айында MacDonalds, GE, TED компаниялары өздерінің жарнамаларын көрсете бастайды.
2015 қыркүйек айында күніне 4 млрд видео қаралады екен.
2016 қантар айында күніне 7 млрд видео қаралып, FB-ға бәсекелестік құра бастады екен.
Снап — қолданушылар жіберетін хаттардың аты. Қарапайым тілмен айтқанда сымысылар.

-
0