Қазақстанда LTE стандартының қолданылуына 1 жыл!
- aigerim_keulimzhai
- Ұялы телефон, Смартфондар / 19 мамыр 2015, 17:19
- 1207
2015 жылдың 15 мамырында АЛТЕЛ компаниясы Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырып отырған LTE байланыс стандартына 1 жыл толды. Осыған орай компания бұл айтулы күнді Hilton Garden — де атап өтіп, сонымен қатар жаңа тарифтер ұсынды.
Аталмыш шараға мына постты жазып отырған доқтыр апайдың барғанын осындағы кей қолданушылар әлеуметтік желідегі аккаунтымнан-ақ біліп отырған болар. Десе де, көптен бас сұқпай кеткен сүйікті блогтұғырыма осы туралы аз-мұз ақпаратпен бөлісуді жөн көрдім.
Сонымен осы бір бәр ішінде АЛТЕЛ байланысын тұтынушылар саны 2 миллионға жетіпті. Басқа не? Ең алдымен "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Ол жерде негізгі сұрақтарға жауап беріп, «Біздің компания саясаты әуел бастан тек мобилді байланыста тұрып қалмай, ақпарат алмасу құралдарын толық қамту болған еді» деп компания саясатының ерекшелігін нақтылады. Сонымен қатар аймақтарды желімен қамту Астана мен Алматыға қарағанда әлдеқайда оңай әрі тез болатынын атап өтті. 2015 жылдың соңына дейін абонеттер санын 3 миллионға жеткізбекші.
Шараның негізгі бөлімінде тағы компания тарихына көңіл бөлініп, алдағы жоспарлар айтылды. Жалпы, 2018 жылдың соңына дейін LTE/GSM/UMTS қызметтері барлық аудан аймақтарында, қала маңында және ірі елді мекендерге қолжетімді болады деп болжануда.
Және ең маңыздысы, қолданушыларға тиімді тарифтер ұсынылды. Тарифтер туралы компания сайтынан көре аласыздар.
Мен үшін жаңалық болғаны -турбобатырма жаңа опциясы. Шұғыл түрде үлкен файл жіберу немесе жүктеу керек болғанда, немесе бір киноны аяқтап көріп тастауға трафик жетпей бара жатқанда басып жіберіп, уақытша безлимит қосып аласыз. Және оның да түрлі нұсқалары бар екендігін фотодан көріп тұрсыз.
Презентациялардан соң байланысты тестілеуге арнайы қойылған гаджеттермен біраз ойнадық. Сайлаубектің видеоларын көріп, бір күліп алдық. Шыны керек, өзім бұл байланысты осы кезге дейін пайдаланып көрмеппін. О жерде ұшып тұрған интернетке қарап ойланып қалдым. Қазір кей қолданушылар айтып жатқан жетіспеушіліктері жөнделер әлі. Қазақстанның түкпір-түкпірінде анадай зуылдаған интернет болса, нұр үстіне нұр емес пе?

-
+2