Microsoft Linkedin әлеуметтік желісін 26,2 млрд долларға сатып алады

Linkedin басшысы Джефф Вайнер өз орнында қалады. Microsoft айтуынша, оның әлеуметтік желіні түптен өзгерту ойлары жоқ. Әлеуметтік желі өзінің брендін «ерекшеліктерін» сақтап қалады.



Microsoft басқарушысы Сатья Наделла айтуынша Linkedin-ді сатып алу компанияның нәтижелілік және бизнес процесстерді ұйымдастыру өнімдерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол әлеуметтік желі Office 365 өнімімен интеграция жасалуы мүмкіндігін айтты.



LinkedIn-мен бірге компания слайдтар жариялауға арналған SlideShare сервисін де қоса алды. Оны Linkedin 2012 жылы 119 млн долларға сатып алған болатын. Келісімшарттарды 2016 жылдың соңына дейін жабу көзделген.

Linkedin саудасы IT саласы тарихындағы ең ірі сатып алулардың бірі болуы мүмкін. Бұдан та қымбат әзірге Dell компаниясының EMC сатып алуы еді ($67 млрд).

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.