Нұрсұлтан мен Қасым-жомарт есімдерінің статистикасы
- Abylai_adil
- Зертхана / 9 қазан 2022, 03:55
- 479
Алдында кенет есіме түсіп кетті. Баяғыда аттар бойынша статистика жинап беретін скрипт жазған едім, сол арқылы Қасым-жомарт пен Нұрсұлтан аттары туралы статистика қарап көрейінші, не өзгерді екен деп. Сөйтсем, әлгі скриптым (оны жазғаныма да 7 жыл болыпты) жасамай қалыпты. PHP-да қайта жазып шықтым. Ия, PHP!
Ескерту: Статистика сайтында жыл бойынша емес, жас бойынша іздеу керек екен. Яғни "маған 2015 жылы туылған Абылайлардың санын бер" деп емес "7 жастағы Абылайлар нешеу" деп іздеу керек. 7 жастағы Абылай 2015 жылы да, 2014 жылы да туылуы мүмкін. Түсініксіз. Сондықтан, 2015 жылғы санды дәл сол жыл деп емес, 2014-2015 жыл аралығы деп қарастырыңыз.
Бірінші, Нұрсұлтан атын қарап шықтым. 1992 жыл ең көп қойылған екен бұл есім. Сол жылы 149453 ер бала дүниеге келген, оның 3734-і Нұрсұлтан екен, яғни әр 40-шы бала. 2006 жылдағы "секіру" де сайлаудан кейінгі әсер деген болжамға келім. Графикте көріп отырғаныңыздай, соңғы жылдары бұл атаудың қойылуы ситеп бара жатқанын байқаймыз.
Екінші, Қасым-жомарт деген атауды көрейік. Өте ситек қойылатын есім екен. Бірақ соңғы жылдарда 5-6 есе өсу байқалады.
Бірақ дефисі бар есімдер өте сирек қойылатынын ескеріп, Қасымжомарт деген нұсқамен тағы қарап шықтым. Түсініксіздеу график шықты. Бірақ анықтап қарайтын болсақ, 2020 дан бастап 3 есе өсуі түсінікті жағдай. 2002 жылдағы өсуін сол жылы премьер министр болымен, 2008-дегі өсуді сыртқы істер министрі боуымен деп түсіндім.
Қасымжомарт деген күрделі ат. Қасым және Жомарт деп бөлек іздеп көрейік.
Кемел деп те іздей салайық.
Бұнымен не айтқым келді? Білмеймін, жәй қызық болсын деп. Өздерің қорытыншы шығарып алыңыздар.
п.с: Дариға деп іздеп көрген едім.
п.с.с: Қандай да бір ат туралы статистика білгілерің келсе, пікірге жаза салыңдар.

-
0