Mozilla Firefox: Біз енді Google компаниясына тәуелді емеспіз



Бірнеше жылдар бойы Google компаниясы Firefox браузеріне қаражат жағынан қолдау көрсетіп келді. Оның есесіне Firefox үнсіз келісім бойынша Google іздеу жүйесін қолдануы қажет болатын. Қазіргі кезде ол жағдай өзгерді, және Mozilla интернет алыбының көмегін қажет етпейді.

Mozilla компаниясының өкілдері CNET алған интервьюі барысында, компанияның қаржылық жағдайы жақсы екенін хабарлады. Сондықтан, енді олар Google компаниясынан тәуелді емес және Yahoo, Baidu, «Яндекс» секілді компаниялалар мен де келісімшартқа отырды. Әрине, енді браузерде үнсіз келісім бойынша осы іздеу жүйелерінің кез-келгені болуы мүмкін.

Firefox — бұл ірі компанияға тиесілі емес жалғыз ғана танымал браузер. Қазіргі кезде ең танымал браузер (нарықтағы үлесі 50%-дан артық ) Google Chrome болса, Firefox және Internet Explorer екінші және үшінші орынды кезегімен алып отыр. Ал төртінші орында Apple компаниясының Safari браузері. Оның нарықтағы үлесі 2% шамасында.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.