Microsoft Virtual Academy: бағдарламалауды жаңадан бастап жатқандар үшін онлайн-курстар жинағы

Microsoft Virtual Academy (MVA) корпорация технологиялары және өнімдері бойынша тегін білім алуға мүмкіндік беретін платформа. Бұл ресурс ақырғы кезде IT-тақырыпқа байланысты көптеген интерактивті курстармен толықты. Соның негізінде Microsoft бағдарламалауды үйренуді жаңадан бастап жатқандар үшін арналған курстар жинағын ұсынуда.

Microsoft мамандары ұсынған курстар тізімі:

C# тілінде бағдараламалау. C# тілімен таныстыратын бастапқы курс. C# қазіргі кезде көптеген компаниялар пайдаланатын (Microsoft-тың өзі де) ең танымал тілдердің бірі.

Сайт жасаудың негіздері. Бұл курста веб-бағдараламалауға арналған технологияларға толығымен толық шолу жасалады: желі ресурстарының жұмысы және HTML/CSS тілдерінен бастап клиенттегі бағдарламалау (Javascript) және серверлік бағдараламалауға дейін (C#, ASP.NET).

F# тілінде функционалды бағдарламалауға кіріспе. Осы курс арқылы функционалды бағдараламалау негіздерімен таныса аласыз. Сонымен бірге F# тіліне кіріспе жасалады. Бұл тіл қазіргі кезде бағдараламалаушылар арасында кеңінен таралып келеді.

Python тілінде бағдарламалауға кіріспе (ағылшынша). Python ең қарапайы бағдарламалау тілдерінің бірі болып есептеледі. Осы курсты өті арқылы сіз осы тілде бағдарламалаудың негіздерін үйрене аласыз. Ол өз кезегінде басқа тілдерді үйрену үшін де пайдалы.

Javascript негіздері (ағылшынша). Javascript тілінің мүмкіндіктеріне шолу жасалады. Тек клиенттік бағдарламалау ғана емес, веб-шешімдер және кроссплатформалы бағдараламалар, ойындар қарастырылады.



Microsoft Virtual Academy платформасы Windows Azure бұлттық платформасында орналасқан және сайт виртуалды университет форматында жасалған. Оқушылар курсты таңдап оқи алады, ал соңында оқылған материалдарды тексеру үшін тесттен өтеді. Жүйеде оқу кезінде әр оқушы балл жинап әр түрлі жетістіктерге жете алады.

Қайнаркөз.

  • +1
1 пікір
Almas
Сайт жасаудың негіздері. Міне, менің тақырыбым. Негізі білімім базалық. Осы сілтемені тапқаныма қуаныштымын. Нақты, әрі қысқа. Автор — рақмет! Айтпақшы, өзің сайт жасауға қызығасың ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.