Flash пайдаланатын сайттар саны 4 жыл ішінде 50%-дан 20%-ға төмендеді



Кезінде жарқыраған Adobe Flash өз беделін жоғалтып келеді. Оған себеп бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі. Соның нәтижесінде көптеген компаниялар flash-тен бас тартып HTML5-ке өтіп жатыр. Соңғы статистиканың көрсетуі бойынша, бұл технологияның ақыры жақын.

Графикте ең болмағанда бір Flash сұраныс жасайтын сайттардың саны көрсетілген. Мәліметтерді Statista компаниясы сайттардың архив көшірмелері (HTTP Archive) деректер қорынан жинаған.

Flash-ке қарсы қазіргі кезде мобильді құрылғылар шығарушылармен бірге браузерлердің бағдарламалаушылары да қарсы тұруда. Бес жыл алдын Apple компаниясы flash-ті өзінің мобильді гаджеттерінен алып тастаған болатын. Мұны Стив Джобс өзінің ресми хатында жазған, ол сонымен бірге басқа да компанияларды осындай әрекетке баруға шақырған болатын.

Графикте 2011 жылы ешқандай өзгеріс болмаған, барлық нәрсе 2012 жылы басталған. Қазір Flash қосымшасы Firefox браузерінде толығымен, Хром браузерінің соңғы версияларында өшірілген. Ал Amazon сайтында flash банерлерге мүлдем тосқауыл қойылған. Сондықтан да бұл технологияның барар жері белгілі.

Қазір flash ең көп қалған жер, ол — банер жарнамалар. Бірақ оның өзінде мамандар жарнама берушілерді бұл технологиядан бас тартуға шақырып жатыр.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Google көптеген flash банерлерді HTML5-ке автоматты түрде ауыстыра алады.

Барлығын қоса келгенде flash-тің ақыры жақын, тек аз ғана күту ғана қалды деп ұйғаруға болады.

Түпнұсқа.

  • +1
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.