Windows 10 Microsoft компаниясы шығаратын АЖ-нің соңғы нұсқасы болмақ.
-
kamyrov
- IT-жаңалықтар / 8 мамыр 2015, 17:33
- 2583
Өтіп жатқан Ignite конференциясында Microsoft корпорациясы Windows 10 танымал амалдық жүйенің соңғы нұсқасы болатынын мәлімдеді.

Рэдмондағы бағдарламалаушылары Windows платформасы жаңа релизден кейін амалдық жүйе болып табылмайтынын және сервиске (қызметке) көбірек ұқсайтының атап өтті.
Енді WIndows 10 қолданушылары амалдық жүйенің толық жаңартуларын әрбір бірнеше жыл сайын күтіп отырмайды. Жүйе әрдайым жаңартылып тұрады және барлық апдейттер дайын болуына байланысты шығып тұрады. Бұл дербес компьютерлердің қолданушыларына қатысты жаңалық қана емес, басқа Windows-құрылғыларына: смартфондар, Xbox және Hololens-ке де қатысты болмақ.
Осындай әдіспен Microsoft компаниясы Windows 10-ды әлем бойынша ең таралған платформа жасауды жоспарлап отыр. Ендігі мәселе, амалдық жүйені Рэдмондтағылар қандай әдіспен және қандай бағаға сатпақшы. Әзірше амалдық жүйені бір рет сатып алу жеткілікті болып, кейінгі апдейттері тегін болады деп болжап жатыр интернет қолданушылары, бірақ бұл жөнінде ресми баспасөздерде ештеңе айтылмады.
Өз басым Linux қолданушысы болғанымдықтан, маған бұл ақпарат онша қызық болмады), бірақ кім біледі, мүмкін Windows 10 менің көзқарасымды өзгертіп қалар. Әзірше Windows 8-ді бүкіліне боқтап шаршап кеттім(.
Ақпарат Verge сайтынан ұрланды)
Егер Ignote конференциясының докладтары қызық болса, мына жерден көре аласыз.
«Right now we’re releasing Windows 10, and because Windows 10 is the last version of Windows, we’re all still working on Windows 10.»
© Jerry Nixon, Microsoft компаниясының «евангелист» бағдарламаушысы

Рэдмондағы бағдарламалаушылары Windows платформасы жаңа релизден кейін амалдық жүйе болып табылмайтынын және сервиске (қызметке) көбірек ұқсайтының атап өтті.
Енді WIndows 10 қолданушылары амалдық жүйенің толық жаңартуларын әрбір бірнеше жыл сайын күтіп отырмайды. Жүйе әрдайым жаңартылып тұрады және барлық апдейттер дайын болуына байланысты шығып тұрады. Бұл дербес компьютерлердің қолданушыларына қатысты жаңалық қана емес, басқа Windows-құрылғыларына: смартфондар, Xbox және Hololens-ке де қатысты болмақ.
Осындай әдіспен Microsoft компаниясы Windows 10-ды әлем бойынша ең таралған платформа жасауды жоспарлап отыр. Ендігі мәселе, амалдық жүйені Рэдмондтағылар қандай әдіспен және қандай бағаға сатпақшы. Әзірше амалдық жүйені бір рет сатып алу жеткілікті болып, кейінгі апдейттері тегін болады деп болжап жатыр интернет қолданушылары, бірақ бұл жөнінде ресми баспасөздерде ештеңе айтылмады.
Өз басым Linux қолданушысы болғанымдықтан, маған бұл ақпарат онша қызық болмады), бірақ кім біледі, мүмкін Windows 10 менің көзқарасымды өзгертіп қалар. Әзірше Windows 8-ді бүкіліне боқтап шаршап кеттім(.
Ақпарат Verge сайтынан ұрланды)
Егер Ignote конференциясының докладтары қызық болса, мына жерден көре аласыз.
-
+1
Ия енді жаңартулар мобильдік ОЖ-лар сияқты жиі болып тұрады