Гуглдан алынған $1 млрд SpaceX компаниясына 4000 байланыс спутниктерін ұшыруға көмектеседі
- amantai
- IT-жаңалықтар / 28 қаңтар 2015, 11:52
- 1140
Жеке меншік Space Exploration Technologies (SpaceX) ғарыштық компаниясы Google компаниясынан және Fidelity фирмасынан $1 млрд көлемінде қаржылай көмек алғанын растады. Осыған байланысты Google және Fidelity SpaceX компаниясының 10% акциясының иегерлері болды. Қазіргі кезде компанияның инвесторларының қатарында Founders Fund, Draper Fisher Jurvetson, Valor Equity Partners және Capricorn компаниялары бар. SpaceX компаниясы нарықта $10 доллар деп бағаланып жатыр.
Алынған қаржы ғарыштық тасымалдау және жасанды жер серіктерін жасау секілді жобаларды жасау мен дамытуға пайдаланылады. Гуглдың бұл инвестициясы интернетті бүкіл жер шарында қол жетімді қылу жолындағы келесі қадамы деп есептелуде. Бұл салады гугл өзінің орнын үлкейтіп келеді, мысалы, жазда компания спутниктік бейнеге түсірумен айналысатын Skybox Imaging компаниясын $500 млнға сатып алды.
SpaceX компаниясының басшысы Элон Маск (Elon Musk) 2002 жылы негізі қаланған Tesla Motors компаниясының да басшысы. Ол SpaceX-тің негізгі мақсаты Марс планетасын колонизациялау екендігін атап өтті. Элон Маск бүкіл жер шарын интернетпен қамтамасыз ету үшін төрт мың спутникті ұшыруды ұсынып отыр. Ол бұл жобаға $10 млрд қаржы жұмсамақшы.
goo.gl/YKIKL0

-
+3