БҮГІН «АЙТЫС» ҰЛТТЫҚ МЕССЕНДЖЕРІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ.
- kamyrov
- IT-жаңалықтар / 19 қараша 2014, 18:53
- 1559
Бүгінгі ұйымдастырылған брифингте мемлекеттік тілді дамыту мақсатында қолға алынған істердің бірі ретінде «Айтыс» (I Tys) жобасының тұсауы кесілді.
Бұл көпшліктің қолданысындағы «WhatsApp Messenger» хабар алмасу интерфэйсінің Қазақстандық бір түрі болып есептеледі. Бірақ «I Tys» ұлттық мэсенджерінің «Уатсаптан» айырмашылығы көп. Айталық «I Tys» қосымшасы қазақ тілді пернетақтамен, ұлттық нақыштағы түсқағаздар, смайликтермен жарақтандырылған, оның функциясына кіретін музыкалары да ұлттық аспапта орындалған күйлер болып табылады.
«Айтыс» деп аталуының себебі тілге жеңіл, әрі қолданысқа тез енуіне септігін тигізбек. Тағы айтарымыз, бұл «I Tys»-та ұлттық мерекелер және атаулы тарихи даталар ерекшеленіп тұрады, «WhatsApp Messenger» және басқа да хабар алмасу қосымшалары ақылы болса, ал «I Tys» ұлттық хабар алмасу интерфэйсінің қызметі әрдайым тегін болмақ. Оның үстіне «I Tys» мэсенджері білікті IT мамандары мен халықтың ұсынысы бойынша әрдайым жетілдіріліп тұрады. Жақын арада смартфондар үшін «I Tys»-тың тегін қоңыраулар қызметі іске қосылмақ.
iTys қалай жұмыс істейді?
iTys — өзара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлескісі келетін қолданушылар үшін жасалған Бірінші ұлттық қазақстандық мессенджер. Ол қазақ әліпбиінің барлық әрпін қолданып әңгімелесуге мүмкіндік береді. Қосымшада смайликтер, тұсқағаздар, дыбыстар, тақырыптар және т. б. ұлттық стильмен ерекше безендірілген. Қосымша смартфондар (Android) үшін қолжетімді. iTys өзінің Хабарламаны автоөшіру ерекше қызметінің арқасында сіздің жеке хат алмасуыңыздың құпиясын сенімді түрде сақтай алады.
Жаңадан шыққан ұлттық мессенджерімізді бағдарламаның ресми сайтынан жүктей аласыз.
PS: Егер дербес компьютерлерге нұсқасы шықса, мен бұл мессенджерге толық көшем деген ойым бар).

-
0
Орнатып алып, телефоныңыз арқылы порносайтқа кірдіңіз, сол үшін мына номерге мынанша көлемде теңге жібер деп тұрса :)