Ескі доменнен жаңа доменге ауысудың дұрыс жолы

Доменді ауыстыру қажеттілігі көп туындай бермейді. Бірақ егер де кезігіп қалсаңыз осы нұсқаулық пайдалы болады.

Домен ауыстырудағы ерекше мәселе ол ескі доменде ТИЦ және PR мәндері бар. Жаңа доменге өткенде ол мәндерді жоғалтып алуды қаламас едік. Сол үшін төмендегідей әрекет жасау керек.

Мысалы біздің «site.kz» сайтымыз бар, оны «other.kz» доменіне ауыстыруымыз керек. Ең алдымен ескі доменде .htaccess файлын өзгертеміз:
Options +FollowSymLinks
RewriteEngine on
RewriteCond %{REQUEST_FILENAME} robots.txt$ [NC]
RewriteRule ^([^/]+) $1 [L]

RewriteCond %{HTTP_HOST} ^site\.kz
RewriteRule ^(.*)$ http://other.kz/$1 [R=301,L]
RewriteCond %{HTTP_HOST} ^www.site\.kz
RewriteRule ^(.*)$ http://other.kz/$1 [R=301,L]


Осы баптаудың арқасында, барлық пайдаланушылар мен іздеу роботтары «other.kz» доменіне жіберіледі. Гугл мұны түсінеді және 2 ай шамасында PR көрсеткіштері other.kz сайтына ауысады.

Енді тек ТИЦ ауыстыруды да ұмытпау керек. Яндекс үшін ауыстыру сәл қиынырақ, robots.txt файлын баптау керек болады. Көпшілік домен ауыстырған кезде жоғарыдағыдай htaccess баптайды да Яндекс үшін robots.txt-ді қалдыру керектігін ұмытып кетеді. Дәл осы жағдай үшін htaccess файлында:
RewriteCond %{REQUEST_FILENAME} robots.txt$ [NC]

баптауы қалдырылған болатын.

Енді біздің robots.txt файлымыз келесі түрде болады:
User-agent: Yandex
Host: other.kz

User-agent: *
Disallow:
Sitemap: http://other.kz/sitemap.xml


Енді ТИЦ көрсеткіші де жаңа доменге ауысатынына сенімдіміз.

  • 0
4 пікір
vfvtnjd
OMG! менде Nginx…
amantai
VPS-па?
vfvtnjd
ия. Апач — коненин калдыгы гой уже
amantai
Аха, бірақ өте көп хостингтер apache-да жұмыс жасайды, олардың бәрі ауысамыз дегенше бірнеше жыл өтуі керек.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.