Домен & Хостинг деген не?

Домен — бұл сіздің ғаламдық желіде тіркелген хосттың атауы (мысалы google.kz codeo.kz секілді). Егер де толығырақ келетін болсақ, домендік сервердер арқылы сіздің сайтыңызды таба алады. Ең басты қызметі сервердегі сайтқа апаратын жол IP-адрестертен тұрады мысалға 18.132.57.126 бұлай қолдану ыңғайсыз болғандықтан түсінікті тілде яғни есте қалатындай етіп жасады.
Домендік дәрежелер:
1-ші дәрежелі домен. .kz .com .org .net
2-ші дәрежелі домен. codeo.kz google.com
3-ші дәрежелі домен. support.google.com
4-ші дәрежелі домен. soft.user.codeo.kz — ары қарай кете береді.

Хостинг — ғаламдық желіде статикалық IP-адрестері бар, интернет сайттарына өз жадынан орын бөліп беретін физикалық аппарат, яғни сервер.

  • +2
2 пікір
Almas
Сервер деген не?
Coder
физикалық аппарат деп жазулы тұр. Сұрақ қоймас бұрын түсініп оқу керек. Қысқа да нұсқа жазғаным еді Осыдан 2 жыл бұрын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.