Интернетте Twitter-дің 32 млн аккаунттарының мәліметтері пайда болды
-
amantai
- Ақпараттық қауіпсіздік / 10 маусым 2016, 10:08
- 957

Вконтакте аккаунттары желіде пайда болғанынан бір апта да өтпей, енді Twitter-дің 32 888 300 аккаунты желіде.
Пайда болған мәліметтерде аккаунттар туралы ақпарат бірқалыпты емес. Кейбір пайдаланушылардың тек email немесе парольі ғана бар, ал кейбіреулерінде қосымша email адреске дейін бар. LeakedSource блогының авторының ойынша мәліметтер вирустар арқылы жиналған. Яғни, Twitter бұзылмаған.
Ол ойды Twitter ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы да нақтылады.

Бұл мәліметтерді де [email protected]~~pobj пайдаланушысы шығарды, Вконтакте аккаунттары туралы мәліметті де осы пайдаланушы шығарған болатын.
Ең жиі пайдаланған 10 пароль:
№ | Пароль | Пайдалану жиілігі |
---|---|---|
1 | 123456 | 120,417 |
2 | 123456789 | 32,775 |
3 | qwerty | 22,770 |
4 | password | 17,471 |
5 | 1234567 | 14,401 |
6 | 1234567890 | 13,799 |
7 | 12345678 | 13,380 |
8 | 123321 | 13,161 |
9 | 111111 | 12,138 |
10 | 12345 | 11,239 |
10 жиі кездесетін почта домендері. Көрініп тұрғандай ең көп кездесетін ru домені. Вирус шабуылына ең қауқарсыз mail.ru екені көрініп тұр.
№ | Почта домені | Аккаунттар саны |
---|---|---|
1 | mail.ru | 5,028,220 |
2 | yahoo.com | 4,714,314 |
3 | hotmail.com | 4,520,434 |
4 | gmail.com | 3,302,205 |
5 | yandex.ru | 1,020,757 |
6 | aol.com | 586,661 |
7 | rambler.ru | 428,084 |
8 | bk.ru | 374,855 |
9 | list.ru | 291,403 |
10 | inbox.ru | 260,957 |
Twitter әлі ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Бірақ твиттер желісінде сайт әкімшілігі жаңалықты көргенін және тексерулер жүргізіп жатқанын айтты.

-
+1