Wordpress платформасының жаңа қолданушыларына: жиі кездесетін қателіктер



#1 — Сенің tagline-да әлі «Just another wordpress blog» жазуы бар.
Шешім: Тез арада ол сөздерді өшіру керек. Сол жерге сайттың саласына байланысты тэгтерді жазу.

#2 — Сенің сайтың өте баяу жұмыс істейді.
Егер сайт жүктелу уақыты 2 секундтан асып жатса, қолданушылар тез арада ол сайттан шығып кетеді. Баяу жұмыс істеу — Wordpress-ке ғана қатысты емес, барлық сайттарға қатысты. Ол үшін скриптарды бір рет қарап көру керек немесе хостинг компаниясын ауыстырып көруге болады.

#3 — Сен іздеу жүйелерінен сайтты индексациялау құқығынан алып тастадың. (Discourage search engines from indexing this site)
Егер бұл функцияны қосатын болсаң, өзің орнатқан кілтті сөздер мен контентке байланысты іздеу жүйелерінің трафигіне ие болмай қаласың. Яғни, Google, Yandex іздеу нәтижелерінде көрінуің екіталай.


#4 — Сенің сайтыңның бастапқы беті мақалаларға толы. (post)
Wordpress қалыпты жағдайда бастапқы бетінде соңғы жазған мақалалар ғана тұрады. Оптимальді нұсқа: Егер бірнеше мақаланы бастапқы бетке орналастырғыңыз келсе, олардың кішкене аннотациясымен және «толығырақ» сілтемесімен орнатуыңыз керек.

#5 — Wp-Content бумасы сізге қажет емес плагиндерге толы.
Жұмыс істемей тұрған плагиндер — жақсы емес. Олар сайттың жылдамдығын азайтады. Хакерлердің web-сайттарды бұзудың негізгі бір әдісі — осы жұмыс істемей тұрған (inactive) плагиндарды қолдануында.

#6 — Жұмыс істемей тұрған қалыптар бар. (themes)
Бұл да плагиндермен ұқсас. Егер де бір қалыпты сақтап қалғың келсе, компьютеріңе жүктеп ал және оны web серверден өшіріп таста.

#7 — Сен сайтыңдағы meta-data-дан Wordpress версиясының номерін өшірген жоқсың.
Meta-data көру оңай. Кез келген браузерде CTRL+U бассаңыз болғаны.
Егер Wordpress версиясының номерін жариялап қойсаң, хакерлер сені құрметтейді.:)
Тезірек ол мәліметтерді өшіру керек.

+ СЕН readme.html файлды өшірмедің.
www.сенің сайтың.kz/readme.html -браузерде теріп көр. Жоғарыда айтылғандай, бұл файлда Wordpress версиясының номері жарияланған. Тезірек серверіңнен өшіруге тырыс.

Қосар ойларыңыз болса жазыңыздар.

  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.