Қарсы алыңыз - WordPress 4.0 Benny


Бүгін WordPress-тің төртінші нұсқасы көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Ол американдық жазмен Бенни Гудман құрметіне аталды.

Төртінші нұсқа Helen Hou-Sandí басшылығымен сәуір айының соңында жазылып басталған еді. Бұл нұсқада жүздеген жақсартулар мен медиафайлдармен жұмысқа және редакторға қатысты бірнеше жаңа функциалар бар. Сонымен қатар, бағдарламалаушыларға жаңа құралдар пайда болды.

Медиакітапхананың жаңа көрінісі

Енді медиакітапхана жағымды түрге ие. Егер бір элементке шертсеңіз, превью және оңай өшіру, өңдеу батырмалары бар терезе ашылады. Сонымен бірге, көптеген элементті бірден таңдау функциясы арқылы элементтерді жою оңай.

Жақсартылған редактор



Контентті өңдеу қазіргідегідей ешқашан ыңғайлы болмаған шығар. Енді редактор айналдыру жолағын контент ішінде көрсетудің орнына контент ұзындығына қатысты орналасады. Және де құралдар тақтасы жоғарғы жақта бекітілген, ол ауқымды жазбаларды өңдеген кезде өте ыңғайлы.

oEmbed превью

WordPress 4.0-де TED talks, Mixcloud, CollegeHumor.com, Issuu, Polldaddy, YouTube үшін oEmbed қолдауы қосылған. Енді сілтемені жай ғана көшіріп қоя салсаңыз редакторда превью пайда болады. Жоғарыдағы видеода сіз мұның қалай жұмыс жасайтынын көре аласыз.

Жаңартылған "қосымшаларды іздеу және орнату" беті

Төртінші нұсқада қосымшаларды іздеу және орнату жеңілдетілген. Енді қосымшалар беті қосымшалар «карточкаларының» торы ретінде көрсетіледі. Қосымша авторы осы бетте көрінетін суретті баптай алады. Егер қосымшаға шертсеңіз мынадай мәліметтер жазылған терезе ашылады: сипаттамасы, рейтинг, қосымша туралы пікірлер және т.б.

Жетілдірілген тілді қолдау функциясы

Тілдермен жұмыс жасау жеңілдетілген. Енді орнату кезінде тіл таңдалатын бет ашылатын болады, сонымен бірге баптау бетінде тілдер баптаулары жақсартылған.

Сыртқы кітапханалар

WordPress-те пайдаланылатын сыртқы кітапханалар жаңартылған: TinyMCE 4.1.3, jQuery 1.11.1, MediaElement 2.15.

Өзгертулердің толық тізімін мына жерден қарай аласыздар.

WordPress 4.0 275 бағдарламашылар еңбектерінің жемісі. Егер код — поэзия болса, онда бұл нұсқа — шеберлікпен жазылған сонет ).

Бұл мақала аударма. Тұпнұсқа.

  • +3
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.