Ninite: виндовс жүйесінде қажетті бағдарламалардың барлығын бірден орнатамыз

Сіздерге мына бір пайдалы құралды таныстырып өтейін. Барлығымыз білеміз Windows10-да пакет менеджері пайда болады (Линукстағыдай), бірақ оның қандай түрде болатыны белгісіз. Ал қазір егер көптеген бағдарлама орнату үшін не істеуге болады? Әр бағдарламаның сайтына кіріп жүктеп орнатып жүру көптеген уақыт алады.

Осындай мәселені шешу үшін Ninite бағдарламасы қолайлы. Оның көмегімен window-қа көптеген ең қажетті деген бағдарламаларды бірден орната аласыз. Өзі барлық бағдарламаларды жүктеп алып орнатып береді. Вирус немесе реклама деген секілді нарселердің ешқайсысы жоқ.



Бағдарламаны ninite.com сайтынан жүктеп алуға болады. Бағдарлама болғанда, сіз керекті бағдарламаларыңыздың барлығы сайттан жүктеп ала аласыз. Ол үшін алдымен керекті бағдарламаларыңызды белгілеп алыңыз да «Get Installer» батырмасын басыңыз:



Содан соң мынандай бет ашылып, сіздің орнатқыш бағдарламаңызды жүктеп ала аласыз:



Орнатқыштың аты сіз орнатқыңыз келген бағдарламалар атынан тұрады, оны кейін өзгертіп алсаңыз да болады. Кейін сол орнатқышты іске қоссаңыз, таңдаған бағдарламаларымыздың барлығы жүктеп алынып орнатылады.

Бағдарлама тегін. Бірақ ақшалай нұсқасы да бар:



Оның бір артықшылығы бағдарламаларды автоматты түрде жаңартып тұра алады. Бағдарламаны пайдалануларыңыз сәтті болсын.

  • +2
0 пікір
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.