Google+ екі түрлі сервиске бөлінді

Көптеген ақпарат көздері бұл шешімді жақын арада болуы мүмкін Google+ "өлімімен" байланыстырып жатыр. Осындай сыбыстар көптен бері жүргені барлығымызға белгілі. Мысалы, өткен жылы TechCrunch хабарлауы бойынша Photos және Hangouts бойынша жұмыс жасайтын бағдарламалаушылар, Android командасына ауыстырылған. Бірақ бұл мәліметте Google жоққа шығарды, тура сол кезде Google+ басшысы Вика Гундот жұмыстан шығарылғаны туралы хабарланған болатын. Сондықтан, бәрібір көпшіліктің пікірі сол күйінде қалды.
Жалпылама, Google әлеуметтік желінің қойылған мақсаттарына жете алмағандығын және Facebook үшін бәсекелес бола алмағандығын мойындайды. Өткен жылы New York Times баспасына берген интервьюінде Бредли Горовиц әлеуметтік желіде 540 миллион пайдаланушы бар екенін, бірақ олардың жартысынан көбі өздерінің парақшасын пайдаланбайтындығын айтқан болатын. Ал Facebook-та болса 890 миллион белсенді пайдаланушы бар, олардың әрқайсысына кем дегенде аптасына бір рет әлеуметтік желіге кіреді.
Google компаниясының кіші вице-президенті Сундар Пичаи да Forbes-ке берген сұхбатында отқа май құйған болатын. Ол сол кезде суреттерді басқару сервисі мен Google+ Streams өнімдерін мүлдем бөлек сервистер деп санайтынын айтқан болатын. Бірақ ол бөлінудің қалай іске асырылатынын айтқан жоқ, сонда да әлеуметтік желінің Google үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан, Google+ жабылуы туралы сыбыстар тек сыбыстар болып қалады.
Түпнұсқа
-
+2